Universal Service-DDK ешқандай заң бұзушылыққа барған жоқ

Сайт Әкімшілігі - 03.12.20191179

«Жас АЛАШ» сайтына 2019 жылдың 18-қараша күні Назарбаев тапсырған трансформация мен Қазатомпромдағы дау атты мақала шыққан еді. Авторы Бақытжан ӘБДІРАШ редакциямызға шағымын айта келген оқырмандарымызға мінбер берген-ді. «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық компаниясына қарасты мекемелердегі мәселелер сөз болған еді. Ол мақаланы жоғарыда гиперсілтемеге өтіп оқуларыңызға болады. Ғалымжан ПІРМАТОВ басқаратын Ұлттық компания жеке бір кәсіпкерге тиесілі емен. Мемлекет үшін аса маңызды кәсіпорын. Сондықтан да ондағы әрбір мәселе біздің басылым назарында бола бермек.

Аталған мақала жариялағанан кейін «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның Қоғаммен байланыс және ішкі коммуникациялар департаменті редакцтямызға хабарласқан болатын. Тілшіміз көтерген мәселеге қатысты жауапты жарияладық. Қазатомпром: Тексерулер нәтижесінде заң бұзушылықтар анықталған жоқ атты материалды әлі де сайтымызда оқырман назарында тұр.

Енді «Қазатомөнеркәсіп» компаниясына мердігер  «Universal Service-DDK» ЖШС директоры С. А. Асқанбеков мырзадан да үшбу хат жетті. «Жас АЛАШ» қашанда пікір алуандығы мен қос тарапқа да өз мінберін ұсынады. Сондықтан да редакциямызға келген екінші хатты қысқартусыз жариялауды жөн деп тапты.

Жас Алаш сайтының Бас редакторы Қанат Тілеуханға

2019 жылғы 18 қарашада «Жас АЛАШ» интернет-ресурсында автор Бауыржан Әбдіраштың «Назарбаев тапсырған трансформация мен Қазатомпромдағы дау» атты мақаласы жарияланды, онда «Universal Service-DDK» ЖШС-не және маған, оның басшысы С.А. Асқанбековке қатысты ішінара дәйексіз мәліметтер көрсетілген.

Мақалада: «Алғабек Орманқұловтың айтуынша, бесінші разрядтыслесарь-жөндеуші болып істеп жүрген оны 21 қазанда директор Серік АСҚАНБЕКОВ жұмыстан босатып жіберген. Арызданушы «бұл тікелей «Орталық» ЖШС-інің бас директоры Жұмағали МАРКЕНБАЕВТЫҢ тапсырмасы бойынша жүргізілген болуы мүмкін» дейді.

  -Менің төрт балам бар, келіншегім жұмыс істемейді. Себебі бір қызым мүгедек, соған қарайды. Осы жағдайдың бәрін біле тұра С. Асқанбеков мені жұмыстан шығарып отыр. Оның басты себебі Тоқаевқа шындықты айтып, бейнеүндеу жолдау деп есептеймін. «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық компаниясының төрағасы Пірматовтан бастап «Орталық» ЖШС-інің бұрынғы директоры А. Өмірбеков, қазіргі бас директор Ж. Маркенбаев, бас инженер Е. Батталов, «Беймарал» ЖШС-інің директоры М. Нұрсейтов, «Universal Service-DDK» ЖШС-інің бас директоры С. Асқанбеков бәрі бір-бірімен байланысқан, ым-жымы бір, - дейді А. Орманқұлов.»

«Тоқаевқа бейнеүндеу жолдағаны үшін қуғын-сүргінге ұшырап, заңсыз жұмыстан шығып қалған жұмысшылардың бірі Талған СЫЗДЫҚОВ Қызылорда облысы Шиелі ауданының тұрғыны. Оның редакцияға жазып берген арызына қарағанда, Серік Асқанбеков оны да 21 қазанда вахталық жұмысқа келген кезде ештеңені түсіндірместен жұмыстан шығарып жіберген» деп көрсетілген.

Өз кезегінде, «Universal Service-DDK» ЖШС жөндеуші-слесарьлар А.К. Орманқұловпен және Т. Сыздықовпен жасалған еңбек шарттарын шын мәнінде бұзғанын, алайда мақалада көрсетілген себептер бойынша емес, соңғы аталғандардың Еңбек шартының 8.1 – тармағын «Universal Service-DDK» ЖШС директоры бекіткен жөндеу жөніндегі слесардың (слесарь-жөндеушінің) Лауазымды нұсқаулығының 1.7 және 2.1 – тармақтарын бұзуына байланысты еңбек шарттары бұзылғаны туралы сіздің назарыңызға жеткіземіз.

Сонымен қатар, Ж. Маркенбаев мырза «Universal Service-DDK» ЖШС қызметкерлерінің еш бірін жұмыстан босату туралы нұсқау бере алмайды, себебі ол құрылтайшылар немесе аталған  серіктестіктің басқару органының құрамында жоқ.

Сондай-ақ, «Universal Service-DDK» ЖШС-нің К. Нұржановқа тиесілігі туралы мақалада көрсетілген мәліметтер жалған болып табылады. Мұны «Universal Service-DDK» ЖШС-нің құрылтайшысы кім болып табылатыны туралы ақпарат түрлі интернет-ресурстарда ашық, қолжетімді болғандықтан тексеруге болады.

Баяндалғанды ескере отырып, автор Бақытжан Әбдіраштың «Назарбаев тапсырған срансформация мен Қазатомпромдағы дау» атты мақаласында көрсетілген және «Жас Алаш» интернет-ресурсында орналастырылған, «Universal Service-DDK» ЖШС-не қатысты жоғарыда көрсетілген жалған мәліметтерді теріске шығаруды жариялауды талап етемін.


«Universal Service-DDK» ЖШС директоры С. А. Асқанбеков

Фото: kazatomprom.kz


Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.