Үкіметте өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы қаралды

Сайт Әкімшілігі - 03.12.2019682

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасының жобасы қаралды. 

Ұлттық экономика министрі Р. Дәленов, Түркістан облысының әкімі Ө. Шөкеев, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Қ. Ақсақалов, Қарағанды облысының әкімі Ж. Қасымбек баяндама жасады. 

ӨД МБ іске асыру елде урбанизация деңгейін 2025 жылға қарай кемінде 62%-ға жеткізуге мүмкіндік береді, өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін арттырады, көлік, инженерлік, әлеуметтік инфрақұрылымын, жалпы, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартады.

2025 жылға дейін ӨД МБ қаржыландырудың жалпы көлемі 1,3 трлн теңгені құрайды. Басымдықтар ретінде дамыту анықталды: 

  • бірінші деңгейлі орталықтарын бар төрт агломерацияны (өсу орталықтарын) - елордалық, Алматы, Шымкент, Ақтөбе агломерацияларын;
  • екінші деңгейлі қалалардағы орталықтарымен 14 урбанизацияланған аймақты – облыс орталықтары мен Семей қ.;
  • 18 шекара маңы шағын қалалар мен шектес аумақтарды, сондай-ақ тұрғындарының саны 50 мыңнан асатын моноқалаларды; 
  • «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында тірек және серіктес ауылдық елді мекендерді. 3477 тірек және серіктес ауылдар өңірлік стандарттар жүйесіне сәйкес толық нысандармен және қызметтер қамтылатын болады. 7 млн ауыл тұрғынының немесе ауылдықтардың 90%-ның өмір сүру сапасы артады. 

«ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев “Қазақстан - 2050” стратегиясында және “Nur Otan”  партиясының филиалдарымен жақында өткен кеңейтілген отырыста еліміздегі қалалық тұрғындар үлесін 2050 жылға қарай 70%-ға дейін жеткізу қажеттігін атап өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында елді урбанизациялау маңыздылығын атап өтіп, көші-қон үрдістерін басқару бойынша пәрменді шаралар қабылдауды тапсырды», - деді Мамин. 

Үкімет басшысы урбанизацияның адамдардың табысы мен өмір сүру сапасын арттыруда аса маңызды екенін айтты. Соңғы бес жылда Қазақстандағы ірі қалалардың тұрғындарының саны 15%-ға артты. Қазір Қазақстанда қала тұрғындарының үлесі 58,2% құрайды.

«Біз кенттену процесін айқын басқарылатын үрдіске айналдыруға ұмтылудамыз, сондықтан қалаларды дамытудың салмақталған саясатын одан әір де жүргізу қажет. Бұл ретте біздің басты міндетіміз - ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру, қалалыққа жуықтайтын инфрақұрылым құру. Мұндай мысалдар бізде бар», - деді Мамин. 

Фото: primeminister.kz



Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Берешекке белшесінен батқан беткеұстарлар

Сайт Әкімшілігі

Берешекке белшесінен батқан беткеұстарлар

Коронавирус індеті кезінде тұрмыстық зорлық-зомбылық 21 пайызға өсті - ІІМ

Сайт Әкімшілігі

Коронавирус індеті кезінде тұрмыстық зорлық-зомбылық 21 пайызға өсті - ІІМ

Диқандар неге ашулы?

Сайт Әкімшілігі

Диқандар неге ашулы?

«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті

Сайт Әкімшілігі

«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті

«Жасыл экономика» табиғатымызды жандандыра ала ма?

Сайт Әкімшілігі

«Жасыл экономика» табиғатымызды жандандыра ала ма?

3 тамыздан кейін де рұқсат етілмейтін шаралар

Сайт Әкімшілігі

3 тамыздан кейін де рұқсат етілмейтін шаралар

42 500 теңге: қолдау ма, қорлау ма?

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңге: қолдау ма, қорлау ма?

Қой қымбат. Халық не қылмақ?

Сайт Әкімшілігі

Қой қымбат. Халық не қылмақ?

"Алматы-Өскемен" және "Алматы-Орал" бағытындағы пойыздар тоқтайтын болды

Сайт Әкімшілігі

"Алматы-Өскемен" және "Алматы-Орал" бағытындағы пойыздар тоқтайтын болды

Педофилді ұстаған полиция қызметкері «Айбын» орденімен марапатталды

Сайт Әкімшілігі

Педофилді ұстаған полиция қызметкері «Айбын» орденімен марапатталды

Үкімет керең бе, әлде сараң ба?

Сайт Әкімшілігі

Үкімет керең бе, әлде сараң ба?

Жыпылықтаған интернет Жұмағалиевті жалп еткізді

Сайт Әкімшілігі

Жыпылықтаған интернет Жұмағалиевті жалп еткізді

Қазақстанда коронавирустан 610 адам қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Қазақстанда коронавирустан 610 адам қайтыс болды

Қазақстандықтар зейнеткерлікке ерте шыға ала ма?

Сайт Әкімшілігі

Қазақстандықтар зейнеткерлікке ерте шыға ала ма?

Халықтың қалауын құлаққа ілер кімің бар?!

Сайт Әкімшілігі

Халықтың қалауын құлаққа ілер кімің бар?!

Өзбектерден үйренетін нәрсе аз емес

Сайт Әкімшілігі

Өзбектерден үйренетін нәрсе аз емес

Бурабайға блок-бекет орнату ұсынылды

Сайт Әкімшілігі

Бурабайға блок-бекет орнату ұсынылды

Президент кеңесшісі: Шамамен 2 миллион қазақстандық коронавируспен ауырған

Сайт Әкімшілігі

Президент кеңесшісі: Шамамен 2 миллион қазақстандық коронавируспен ауырған

Қаймана қазақ қанатын қомдап, қамға көшті

Сайт Әкімшілігі

Қаймана қазақ қанатын қомдап, қамға көшті

42 500 теңгені студенттер ала ма?

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені студенттер ала ма?