Бүгін Алматыда Аружан Тастекейдің "Менің қалам" әнінің тұсаукесері өтеді

Асмира Ермекқызы - 03.12.2019423

2019 жылдың 3 желтоқсанында Алматы қаласында жас өнерпаз Аружан Тастекейдің «Менің қалам» атты әні мен бейнебаянының тұсаукесері өтеді. Шараға Қазақстанның Халық әртісі Алтынбек Қоразбаев, Роза Рымбаева, Бақыт Шадаева, Төреғали Төреәлі, Қуандық Рахым т.б өнер майталмандары қатысады.

 «Менің қалам» әні – алып шаһар Алматының бүгінгі бейнесін айшықтайтын туынды. Аружан Тастекей Алматы қаласының тумасы, өз қаласын ерекше жақсы көреді. Ол өзінің жаңа бейнебаянында бүгінгі қоғамда болып жатқан түрлі келеңсіздіктерді көрсетіп, онымен күреседі. Жақсылықты ту етіп, ұрлық, әлімжеттік, бүлікшіліктің алдын алып, көпшілікті жақсы амалдар жасауға шақырады. Жас өнерпаз осылайша тыңдармандарына ой салып, өскелең ұрпақ үшін қаламыздың гүлденгенін, қауіпсіз болғаны аса маңызды екенін аңғартады. Жаңа әннің авторы – белгілі музыкант Самат Рыспанбет, бейнебаянның қоюшы режиссеры – Азамат Ержанұлы. Клиптің түсірілім жұмыстарына 30 адамнан тұратын шығармашылық топ атсалысқан.

Аружан Тастекей 2007 жылдың 3 қыркүйегінде Алматы қаласында дүниеге келген. Жас өнерпаздың репертуарында «Қазағым» (2017 жыл), «Әжетайым»(2018), «Ағатайым» (2018), «Ару қыз» (2018), «Менің қалам» (2019) әндері бар. Аружан Тастекей Ұлттық «Бала дауысы»-2019 балалар ән байқауының лауреаты, “Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз” атты республикалық ән байқауының лауреаты, «Жұлдыз болғың келсе» атты республикалық ән байқауының жеңімпазы, «Планета искусств» халықаралық ән байқауының 1-орын иегері,Бота Бейсенова атындағы 2-ші республикалық өнер фестивалінің лауреаты. Аружан Тастекей TAMOS мектебінің 7 сыныбында оқиды. Мектепте озат оқушы, бос уақытында Диана Шарапованың вокал мектебінде дайындалады. «Той Думан» телеарнасында «Хит теру» бағдарламасының жүргізушісі. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде еркін сөйлейді. Аружанның репертуарында осы үш тілде жазылған әндер бар. Қазіргі таңда Ресейде өтетін «Голос дети» байқауына дайындалып жатыр.

Фотоны автор ұсынды

Мақала авторы:

Асмира Ермекқызы

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.