Тараз қаласының жаңа әкімі тағайындалды

Дерек көзі: www.azattyq.org - 03.12.2019478

Айтқазы Қарабалаев Тараз қаласының әкімі болып тағайындалды деп хабарлады 3 желтоқсанда Жамбыл облысы әкімінің баспасөз хатшысы Нұраддин Рақайдың Facebook-тегі жазбасына сүйенген жергілікті БАҚ.

Қараша айының ортасында Тараздағы мектептердің бірінде ауладағы әжетханаға сабақ кезінде сұранып шыққан жетінші сынып оқушысын ер адамның зорлағаны белгілі болған. Бұл оқиғадан кейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев қала әкімі Қайрат Досаевты қызметінен босатып, Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметовке ескерту жасаған. Полиция күдікті ретінде 38 жастағы ер адамның ұсталғанын, егер қылмыс жасағаны дәлелденсе, ұзақ жылға сотталуы мүмкін екенін айтқан.

Оқи отырыңыз: Әжетханадағы оқиғадан соң Тараз әкімі жұмыстан босап, облыс әкімі ескерту алды

Айтқазы Қарабалев 1966 жылы туған. Әр жылдары Тараз қаласы мен облыс әкімдігінде түрлі қызмет атқарған. Тараз қаласы әкімінің орынбасары болған. Талас және Жуалы аудандарын басқарған.

Мақала авторы:

www.azattyq.org

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.