Талдықорған мен Текеліде үш балдық жер сілкінісі тіркелді

Дерек көзі: www.azattyq.org - 04.12.2019334

Қазақстанның білім және ғылым министрлігінің "Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік орталығы" 4 желтоқсанда Нұр-Сұлтан уақытымен түнгі сағат 1.38-де 5,2 магнитудалы жер сілкінісін тіркегенін хабарлады. Орталық дерегінше, Талдықорған және Текелі қалаларында - үш балдық, Қапал және Жансүгіров елді мекендерінде 4 балдық жер сілкінісі сезілген.

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 303 шақырым қашықта, жердің 15 километр терең қабатында болған. Алматы облысының төтенше жағдай департаменті жер сілкінісінен ешкім зардап шекпеген деп хабарлады.

Еуропадағы сейсмология орталығы (EMSC) Қазақстанның шығыс өңірінде 4,7 магнитудалы жер сілкінісі тіркелгенін хабарлады. Оның эпицентрі Алматы облысы Сарқан қаласынан батысқа қарай 52 шақырым жерде болған.

Мақала авторы:

www.azattyq.org

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.