Вице-министр: Сайлауды өткізуге атсалысқан мұғалімдерге ақша төленеді

Дерек көзі: www.azattyq.org - 04.12.2019530

4 желтоқсанда парламенттің төменгі палатасы "педагог мәртебесі туралы заң жобасын" мақұлдады. Заң жобасына депутаттар енгізген түзетулер жайлы қорытынды есеп әзірлеген депутат Әбдіманап Бектұрғановтың айтуынша, жобаға 260-қа жуық түзету келіп түскен. Жұмыс тобы оларды қарастырып, шешім қабылдаған.

Кейбір негізгі түзетулер мыналар:

  • 2021 жылдың 1 қыркүйегінен бастап, орта білім мекемелеріндегі педагогтардың нормативтік оқу жүктемесін 18 сағаттан 16 сағатқа төмендету жөнінде норма бекітілді;
  • Халықаралық олимпиада, түрлі байқау және спорт жарыстарының жеңімпазын әзірлеген мұғалімге үш еңбекақы мөлшерінде сыйақы беру қарастырылған;
  • Ауылдық жерлерде тұратын мұғалімдерге жер телімін алуда басымдық беру;
  • ЖОО-дан басқа білім беру мекемелеріндегі мұғалімдерді әскерге шақыруды кейінге қалдыру көзделген.

Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылованың айтуынша, мұғалімдерді қызметіне қатысы жоқ шараларды атқаруға міндеттеу айыппұлмен жазаланады. Сайлауды өткізу шараларына қатысқан мұғалімдер жұмыстан босатылып, оларға сол үшін қосымша қаржы төленеді. Бұл қаржы орталық сайлау комитетінің бюджетінен қарастырылады. Бибігүл Асылованың айтуынша, бірақ сайлауды өткізу шарасына қатысу-қатыспау - әр мұғалімнің өз еркі.

Заң жобасы авторларының айтуынша, жобаның мақсаты - "білім беру заңнамасында олқылықтарды жою, оқушы мен мұғалімнің жүктемесін азайту, мұғалімдерді негізсіз тексерулерден қорғау, педагог мәртебесін реттеуді қамтамасыз ететін құқықтық тетіктерді жетілдіру".

Қазақстанда мұғалімдер міндетінен тыс жұмысқа жегілетіндерін, директорлар мемлекеттік газеттерге қинап жаздыратынын айтып, жиі шағымданады. 2017 жылы елдегі мұғалімдер Астанадағы ЭКСПО көрмесіне күштеп билет алғандарын жеткізген.

Оқи отырыңыз: Заң жобасынан мұғалімдер үміт күтпейді

Қазақстанды 30 жыл басқарып, биыл президенттіктен кеткен Нұрсұлтан Назарбаев та бұған дейін бірнеше рет "жергілікті биліктің барлық жұмысты мұғалімдер мойнына артып қоятынын" сынаған.​ Парламентте де депутаттар бұл мәселені көтерген. Бірақ мұғалімдер әлі күнге дейін еркінен тыс жұмысқа жегіледі.

Биыл маусымда үкімет "Педагог мәртебесі, мұғалім мен оқушыға жүктемені төмендету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын қоғамдық талқыға шығарған.

Мақала авторы:

www.azattyq.org

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Берешекке белшесінен батқан беткеұстарлар

Сайт Әкімшілігі

Берешекке белшесінен батқан беткеұстарлар

Коронавирус індеті кезінде тұрмыстық зорлық-зомбылық 21 пайызға өсті - ІІМ

Сайт Әкімшілігі

Коронавирус індеті кезінде тұрмыстық зорлық-зомбылық 21 пайызға өсті - ІІМ

Диқандар неге ашулы?

Сайт Әкімшілігі

Диқандар неге ашулы?

«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті

Сайт Әкімшілігі

«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті

«Жасыл экономика» табиғатымызды жандандыра ала ма?

Сайт Әкімшілігі

«Жасыл экономика» табиғатымызды жандандыра ала ма?

3 тамыздан кейін де рұқсат етілмейтін шаралар

Сайт Әкімшілігі

3 тамыздан кейін де рұқсат етілмейтін шаралар

42 500 теңге: қолдау ма, қорлау ма?

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңге: қолдау ма, қорлау ма?

Қой қымбат. Халық не қылмақ?

Сайт Әкімшілігі

Қой қымбат. Халық не қылмақ?

"Алматы-Өскемен" және "Алматы-Орал" бағытындағы пойыздар тоқтайтын болды

Сайт Әкімшілігі

"Алматы-Өскемен" және "Алматы-Орал" бағытындағы пойыздар тоқтайтын болды

Педофилді ұстаған полиция қызметкері «Айбын» орденімен марапатталды

Сайт Әкімшілігі

Педофилді ұстаған полиция қызметкері «Айбын» орденімен марапатталды

Үкімет керең бе, әлде сараң ба?

Сайт Әкімшілігі

Үкімет керең бе, әлде сараң ба?

Жыпылықтаған интернет Жұмағалиевті жалп еткізді

Сайт Әкімшілігі

Жыпылықтаған интернет Жұмағалиевті жалп еткізді

Қазақстанда коронавирустан 610 адам қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Қазақстанда коронавирустан 610 адам қайтыс болды

Қазақстандықтар зейнеткерлікке ерте шыға ала ма?

Сайт Әкімшілігі

Қазақстандықтар зейнеткерлікке ерте шыға ала ма?

Халықтың қалауын құлаққа ілер кімің бар?!

Сайт Әкімшілігі

Халықтың қалауын құлаққа ілер кімің бар?!

Өзбектерден үйренетін нәрсе аз емес

Сайт Әкімшілігі

Өзбектерден үйренетін нәрсе аз емес

Бурабайға блок-бекет орнату ұсынылды

Сайт Әкімшілігі

Бурабайға блок-бекет орнату ұсынылды

Президент кеңесшісі: Шамамен 2 миллион қазақстандық коронавируспен ауырған

Сайт Әкімшілігі

Президент кеңесшісі: Шамамен 2 миллион қазақстандық коронавируспен ауырған

Қаймана қазақ қанатын қомдап, қамға көшті

Сайт Әкімшілігі

Қаймана қазақ қанатын қомдап, қамға көшті

42 500 теңгені студенттер ала ма?

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені студенттер ала ма?