Ақтөбеде 30 адам пикетке шықты

Жанар Қожанова - 04.12.20192298

Бүгін Ақтөбеде прокуратура алдында отызға жуық адам пикет өткізді. Салымшылар өздерін алдап соқты деген «Вест Хауз» кооперативінің басшысы Жадыра САДЫКОВАНЫ қамауға алуды талап етті. Сөздерінше кооператив басшысы нөл пайызбен үй алып беремін деп әр салымшыдан миллиондап ақша алған. Қазір 31 салымшының алдындағы қарызы 63 миллин теңгеге жетіпті. Салымшылар бұл қаражат тек Жадыра Садықованың үстінен арыз түсірген жартысының ғана есебі деп отыр. 

«Жадырамен тергеуде кездесіп жүрміз. Бірақ бұл кісі де ешқандай да бір өкініш, иә бір кешірім сұрау деген жоқ. Қылмыстық іс ашылды. Үй қамақта отыр. Істеген ісіне өкінбеген соң қамауға алсын дейміз. Өз кінәсін қамауды отырып сезінсін», - дейді салымшы Нұрлыайым ДОСМҰХАНБЕТОВА.

Салымшылар екі жылдан бері «Вест Хауз» кооперативіне берген миллиондарын не баспаналарын ала алмай далада қалғандарын айтады. 

«Нөл пайызбен он жылға үй аласыз деген. Бұл кооперативке алданған жетпістен аса адам бар. Үй қамақта отыр. Біз қамауға алсын деп сұраймыз. Болмаса біздің ақшамызды қайтарсын», - дейді осы кооперативке екі миллион теңгесін берген Айдана СУХАНБЕРДИЕВА.

Прокурорлар қолдарына плакат жайып, талап қойып келгендердің алдына шыққанымен, талаптарын орындай алмайтындарын айтады. Сөздерінше салымшылардан алаяқтық негізде ақша жинады деген «Вест Хауз» кооперативі басшысының үсітен ҚР ҚК 190 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

«Тергеу барысында сотқа екі мәрте бұлтартпау шарасын тағайындау үшін тергеу органдары шықты. Соттың шешімі үй қамақ. Қылмыстық іс ҚК 190 бабының 3 бөлігімен түсіп тұр. Ауыр санатқа жататын алаяқтық», -  деді Ақтөбе облыстық прокуратурасы №1 басқарма басшысы Тимур ҚЫДЫРӘЛІ.

Құқық қорғаушылар бір жылдай тергелген қылмыстық істің аяқталғанын айтады. Сөздерінше бүгін ертең сотқа түсіп қалуы мүмкін. Ал салымшылардың талабын яғни адамдардан миллиондап ақша жымқырды деп айыпталған Жадыра Садықованы түрмеге қамауды прокуратура емес  сот шешеді деп отыр.

Фото автордікі.

Мақала авторы:

Жанар Қожанова

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.