«Бұл жиынға Жақсылық Омардың қатысы жоқ»

Сәтжан Қасымжанұлы - 05.12.20192223

Өскемен қаласының әкімі Жақсылық ОМАРДЫҢ күтпеген жерден «рейтингін көтерген» көп балалалы аналарды саясаткер Жанболат МАМАЙҒА қарсы айдап салғаны туралы әңгіме желісінің видеосы You Tube арнасына да шығып кетті. Видеода Назгүл атты әйел қала әкімінің орынбасары Серік Жеңісов өзі жұмыс істейтін мектепке қоңырау шалып, әкімдікке шақырғанын, одан кейін әкім Ж. Омар келіп «өздерін қырып өтетін» сияқты алдағы жиналысқа қатысып, Жанболат Мамайға қарсылық көрсетуді «өтінгенін» айтады.

«Жас АЛАШ» тілшісі видеода айтылған әңгімелерге байланысты Өскемен қалалық әкімдігіне хабарласқан еді. Қала әкімінің баспасөз хатшысы Әлібек ТҰРСЫМБЕТОВ әкімнің көп балалы аналарды Мамайға қарсы айдап салуға, қарсылық білдіруге үгіттегені мүлде шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

«Өткен аптада «Фейсбук» әлеуметтік желісі арқылы тарап кеткен бұл оқиғаға қала әкімі Жақсылық Омардың мүлдем қатысы жоқ. Ол кезде қала басшысы еңбек демалысында болды. Ол жиынға аналар өздері барды ма, біреу ұйымдастырып апарды ма, өздеріне мәлім. Бірақ, әкім Жақсылық Омар да, қала әкімінің орынбасары Серік Жеңісов те ешқандай әйелді өздеріне шақырып, ондай әрекетке барған емес»,-дейді қала әкімінің баспасөз хатшысы Әлібек Тұрсымбетов.

Фото әлеуметтік желіден

Мақала авторы:

Сәтжан Қасымжанұлы

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Алмас 05 Желтоқсан, 2019

Мен айелдердын айтканына сенемин, биздин чиновниктерден барин кутуге болады

Жауап беру