Алматыда ер адам биік ғимараттан құлап, мерт болды

Дерек көзі: www.azattyq.org - 05.12.2019240

5 қарашада таңертеңгі сағат 10.40 шамасында Алматыда көп қабатты "Нұрлы Тау" бизнес орталығының ғимаратынан бір ер адам құлап, мерт болды. Бұл ақпаратты Алматы қалалық төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметі растады.

"Қазір оқиға орнында полиция, дәрігерлер, мамандар жұмыс істеп жатыр. Толық ақпаратты Алматы полициясы таратады" деді департаменттің баспасөз хатшысы Гүлдана Маратқызы.

Оның айтуынша, оқиғаның жай-жапсары әзірге белгісіз. Алматы полициясы әзірге түсініктеме бермеді.

Мақала авторы:

www.azattyq.org

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.