Перл-Харбор әскери-теңіз базасында атыс болып, үш адам жараланды

Дерек көзі: www.azattyq.org - 05.12.2019502

Гавайи аралындағы Перл-Харбор әскери-теңіз базасында белгісіз адам айналасындағыларға оқ атып, соңында өз-өзіне қол жұмсаған. Үш адам жараланған. Дәрігерлер екі адамның жағдайы ауыр екенін хабарлады.

Әскери база уақытша жабық режимге көшкен.

7 желтоқсанда Перл-Харборда 1941 жылы Жапонияның Екінші дүниежүзілік соғыста базаға жасаған шабуылынан құрбан болғандарды еске алу шарасы өтуі тиіс. 78 жыл бұрын болған шабуылдан 2400 Америка сарбазы қаза тапқан. Бұл шабуыл АҚШ-тың Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысуына түрткі болды.

Мақала авторы:

www.azattyq.org

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.