Қарқаралы: Сот әкімге "жала жапты" деп айыпталған тұрғынды ақтады

Дерек көзі: www.azattyq.org - 05.12.2019634

№2 Қарқаралы аудандық соты "жала жапты" және "ар-намысқа нұқсан келтірді" деп айыпталған тұрғын Ерболат Төлеутайды ақтады. Бұл ақпаратты 5 желтоқсанда "Әділ сөз" баспасөз қорғау қоры хабарлады.

"Әділ сөз" дерегінше, Қарқаралы қаласының тұрғыны Ерболат Төлеутайдың сотқа тарылуына Facebook-те жазған "Надан әкім" атты жазбасы түрткі болған. Онда ол аудан әкімі Қалел Мақсұтовтың ескерткіш орнатуға байланысты шешіміне қарсылық білдірген. Осыдан соң аудан әкімі Қалел Мақсұтов сотқа шағым түсіріп, Төлеутайды "ар-намысқа тиді" деп айыптаған. Соттан тұрғынды моральдық өтемақы ретінде 5 миллион теңге төлеуді міндеттеуді сұраған.

"Ерболат Төлеутайдың жазбасына сараптама жүргізілді және "Әділ сөз" қорының ақпараттық дау жөнінде Қоғамдық орталық маманы қорытынды жасады. Талдау нәтижесіне сүйенген судья "надан" сөзі автордың пікірі және әдеби нормаға қайшы емес деген қорытындыға келді" деп жазды "Әділ сөз".

Sud.kz сайтындағы дерекке сәйкес, сот үкімі 25 қарашада шыққан. Сот үкімінде шағымданушы тараптың үкімді апелляцияға беруіне 15 күн уақыты бар екені жазылған. Мақсұтовтың сот үкімін қайта қарауға бергені-бермегені белгісіз.

"Әділ сөз" дерегінше, әуел баста Төлеутай "көптеген заңбұзушылыққа байланысты" Қарқаралы аудандық сотының судьясын ауыстыру туралы өтініш жазған. Кейінірек сот Егіндібұлақ ауылындағы №2 сотқа берілген. Істі судья Жаманқұлова қараған.

Қазақстанда журналистер мен тұрғындар "жала жабу" немесе "ар-намысқа тию" баптары бойынша сирек сотқа тартылмайды. "Әділ сөз" қорының мәліметінше, 2019 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанда Қылмыстық кодекстің "жала жабу" немесе "ар-намысқа тию" баптары бойынша кемінде тоғыз журналистің үстінен сотқа шағым түскен. Халықаралық құқық қорғаушы ұйымдар Қазақстан билігін жала жабу және ар-намысқа тию баптарын қылмыстық заңнан алып тастауға шақырып келеді.

Мақала авторы:

www.azattyq.org

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Берешекке белшесінен батқан беткеұстарлар

Сайт Әкімшілігі

Берешекке белшесінен батқан беткеұстарлар

Коронавирус індеті кезінде тұрмыстық зорлық-зомбылық 21 пайызға өсті - ІІМ

Сайт Әкімшілігі

Коронавирус індеті кезінде тұрмыстық зорлық-зомбылық 21 пайызға өсті - ІІМ

Диқандар неге ашулы?

Сайт Әкімшілігі

Диқандар неге ашулы?

«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті

Сайт Әкімшілігі

«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті

«Жасыл экономика» табиғатымызды жандандыра ала ма?

Сайт Әкімшілігі

«Жасыл экономика» табиғатымызды жандандыра ала ма?

3 тамыздан кейін де рұқсат етілмейтін шаралар

Сайт Әкімшілігі

3 тамыздан кейін де рұқсат етілмейтін шаралар

42 500 теңге: қолдау ма, қорлау ма?

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңге: қолдау ма, қорлау ма?

Қой қымбат. Халық не қылмақ?

Сайт Әкімшілігі

Қой қымбат. Халық не қылмақ?

"Алматы-Өскемен" және "Алматы-Орал" бағытындағы пойыздар тоқтайтын болды

Сайт Әкімшілігі

"Алматы-Өскемен" және "Алматы-Орал" бағытындағы пойыздар тоқтайтын болды

Педофилді ұстаған полиция қызметкері «Айбын» орденімен марапатталды

Сайт Әкімшілігі

Педофилді ұстаған полиция қызметкері «Айбын» орденімен марапатталды

Үкімет керең бе, әлде сараң ба?

Сайт Әкімшілігі

Үкімет керең бе, әлде сараң ба?

Жыпылықтаған интернет Жұмағалиевті жалп еткізді

Сайт Әкімшілігі

Жыпылықтаған интернет Жұмағалиевті жалп еткізді

Қазақстанда коронавирустан 610 адам қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Қазақстанда коронавирустан 610 адам қайтыс болды

Қазақстандықтар зейнеткерлікке ерте шыға ала ма?

Сайт Әкімшілігі

Қазақстандықтар зейнеткерлікке ерте шыға ала ма?

Халықтың қалауын құлаққа ілер кімің бар?!

Сайт Әкімшілігі

Халықтың қалауын құлаққа ілер кімің бар?!

Өзбектерден үйренетін нәрсе аз емес

Сайт Әкімшілігі

Өзбектерден үйренетін нәрсе аз емес

Бурабайға блок-бекет орнату ұсынылды

Сайт Әкімшілігі

Бурабайға блок-бекет орнату ұсынылды

Президент кеңесшісі: Шамамен 2 миллион қазақстандық коронавируспен ауырған

Сайт Әкімшілігі

Президент кеңесшісі: Шамамен 2 миллион қазақстандық коронавируспен ауырған

Қаймана қазақ қанатын қомдап, қамға көшті

Сайт Әкімшілігі

Қаймана қазақ қанатын қомдап, қамға көшті

42 500 теңгені студенттер ала ма?

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені студенттер ала ма?