Премьер-министр тоқыма және азық-түлік өнімдерін өндіретін кәсіпорындарды ашты

Сайт Әкімшілігі - 05.12.20194457

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Шымкент қаласы мен Түркістан облысына жұмыс сапарымен барды.

Шымкент қаласында үкімет басшысы «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ және «Alliance Textile» Өзбек жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығының бірлескен кәсіпорны - «Alliance» Сауда-өнеркәсіп палатасы» ЖШС жіп иіру фабрикасының ашылу рәсіміне қатысты.

Жоба биыл маусым айында ҚР және ӨР үкіметтерінің арасында бірлескен тоқыма кластерін құру туралы қол жеткізілген келісімдер аясында іске асырылды. Тараптардың күш-жігерінің арқасында қысқа уақыт ішінде жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, коммуналдық қызметтер тартылды, бұл көп жылдардан бері жұмысы тоқтап тұрған фабриканы іске қосуды қамтамасыз етті.

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев біздің алдымызға «қарапайым заттар экономикасын» дамыту міндетін қойды, онда жеңіл өнеркәсіпке ерекше рөл беріледі. Біз оның алғашқы нәтижелерін көріп отырмыз», - деді Мамин.

Премьер-министр фабриканы іске қосу Қазақстанның тоқыма кластерін дамытуға зор серпін беретініне сенім білдірді. 

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан экономикасының шикізаттық емес секторларына шетелдік инвестицияларды тартудың маңыздылығын бірнеше рет атап өтті. Өзбекстанның тоқыма өнеркәсібін дамытудағы оң тәжірибесін ескере отырып, биыл 22 маусымда өткен Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы ынтымақтастық жөніндегі Бірлескен үкіметаралық комиссияның 18-ші отырысы аясында Шымкент қаласында тоқыма кластерін бірлесіп іске қосу туралы келісімге қол қойылды», - деді Мамин.

Кәсіпорында бірінші кезеңде 120 жаңа жұмыс орны құрылған. Мақта-талшықты өңдеу көлемі жылына 6 мың тоннаны құрайды. Жобадағы өзбек тарапының инвестициялары шамамен 4,6 млрд теңге. 

Шымкент қаласының тоқыма кластерін қалпына келтіру жөніндегі жол картасы аясында қосымша екі фабриканы іске қосу жоспарланған, бұл Қазақстанда өңделетін мақта көлемін 2 есеге арттыруды қамтамасыз етеді және 800 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. 

Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Майлыошақ ауылында Асқар Мамин жылдам әзірленетін тамақ өнімдерін өндіретін зауыттың ашылу рәсіміне қатысты. 

Әлемдегі аса ірі жылдам әзірленетін кеспе өндіруші - «CG Foods Central Asia» компаниясы жобаға 5,7 млрд теңге инвестиция салды және 300-ге жуық қазақстандықты жұмыспен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. Шығарылатын өнім көлемі жылына 4,5 мың тоннадан асады. Өндіріс процесінде тек отандық шикізат пайдаланылады. Өнімді ішкі нарыққа ғана емес, сыртқы нарықтарға да жеткізу жоспарланған. 

Фото: primeminister.kz


Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Берешекке белшесінен батқан беткеұстарлар

Сайт Әкімшілігі

Берешекке белшесінен батқан беткеұстарлар

Коронавирус індеті кезінде тұрмыстық зорлық-зомбылық 21 пайызға өсті - ІІМ

Сайт Әкімшілігі

Коронавирус індеті кезінде тұрмыстық зорлық-зомбылық 21 пайызға өсті - ІІМ

Диқандар неге ашулы?

Сайт Әкімшілігі

Диқандар неге ашулы?

«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті

Сайт Әкімшілігі

«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті

«Жасыл экономика» табиғатымызды жандандыра ала ма?

Сайт Әкімшілігі

«Жасыл экономика» табиғатымызды жандандыра ала ма?

3 тамыздан кейін де рұқсат етілмейтін шаралар

Сайт Әкімшілігі

3 тамыздан кейін де рұқсат етілмейтін шаралар

42 500 теңге: қолдау ма, қорлау ма?

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңге: қолдау ма, қорлау ма?

Қой қымбат. Халық не қылмақ?

Сайт Әкімшілігі

Қой қымбат. Халық не қылмақ?

"Алматы-Өскемен" және "Алматы-Орал" бағытындағы пойыздар тоқтайтын болды

Сайт Әкімшілігі

"Алматы-Өскемен" және "Алматы-Орал" бағытындағы пойыздар тоқтайтын болды

Педофилді ұстаған полиция қызметкері «Айбын» орденімен марапатталды

Сайт Әкімшілігі

Педофилді ұстаған полиция қызметкері «Айбын» орденімен марапатталды

Үкімет керең бе, әлде сараң ба?

Сайт Әкімшілігі

Үкімет керең бе, әлде сараң ба?

Жыпылықтаған интернет Жұмағалиевті жалп еткізді

Сайт Әкімшілігі

Жыпылықтаған интернет Жұмағалиевті жалп еткізді

Қазақстанда коронавирустан 610 адам қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Қазақстанда коронавирустан 610 адам қайтыс болды

Қазақстандықтар зейнеткерлікке ерте шыға ала ма?

Сайт Әкімшілігі

Қазақстандықтар зейнеткерлікке ерте шыға ала ма?

Халықтың қалауын құлаққа ілер кімің бар?!

Сайт Әкімшілігі

Халықтың қалауын құлаққа ілер кімің бар?!

Өзбектерден үйренетін нәрсе аз емес

Сайт Әкімшілігі

Өзбектерден үйренетін нәрсе аз емес

Бурабайға блок-бекет орнату ұсынылды

Сайт Әкімшілігі

Бурабайға блок-бекет орнату ұсынылды

Президент кеңесшісі: Шамамен 2 миллион қазақстандық коронавируспен ауырған

Сайт Әкімшілігі

Президент кеңесшісі: Шамамен 2 миллион қазақстандық коронавируспен ауырған

Қаймана қазақ қанатын қомдап, қамға көшті

Сайт Әкімшілігі

Қаймана қазақ қанатын қомдап, қамға көшті

42 500 теңгені студенттер ала ма?

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені студенттер ала ма?