Ахметовтің «көлеңкесінде» жүрген кім?

Сәтжан Қасымжанұлы - 05.12.20197306

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің кадрлық саясатында ауыс-түйістер ара-тұра болып тұрғанымен, қасынан бір елі қалмайтын, тіпті, облыстық әкімдікте жиын өтіп жатса да көзге көлденең түсетін қалпынан бір аумайтын «жұмбақ адам» туралы қауесет естілгелі екі-үш жылдың жүзі болды. Игорь ЗАВГОРОДНИЙ атты Украин азаматының Шығысқа қашан келгені туралы мәлімет табу қиын, алайда, «Уатсап» әлеуметтік желісі арқылы тараған суреттерге зер салсақ, Завгороднийдің Украина азаматы екенін растайтын төлқұжаты мен Ахметов барған жерлерден бой көрсеткенін дәлелдейтін фотолар қатары аз емес екен. Өңір тұрғындарының қайсына болсын, жауабы жоқ ортақ бір ғана сұрақ бар:

«Шынымен де бұл адам кім? Өзге елдің азаматы білдей облыс басшысының қасынан жиі көрінуінің, тіпті, облыстық әкімдіктің аппарат жиынына қатысуы қалай? Оның мемлекеттік маңызы бар мәселелерді талқылап жатқан жиынға қатысу құқын кім берді?»


Осыған орай «Жас АЛАШ» тілшісі ШҚО әкімінің баспасөз хатшысы Айгүл БАЗАРОВАҒА және ШҚО әкімінің аппарат басшысы Азамат МҰХАМЕДЧИНОВКЕ хабарласқан болатын. Алайда, аталған тұлғаға қатысты желіні кезген мәліметтер жіберілгенімен, нақты жауап алу қиынға түсіп отыр. Екеуінен де ортақ бір жауап білдік: «жиналыста едік».

Орыс халқында «Молчания – знак согласия» деген мәтел бар. Сол айтқандай, тұрысы жұмбақ, кім екені күмәнді адамның кім екенін айтудан бас тартқаны ма қалай?..

Фотолар әлеуметтік желіден алынды.


Мақала авторы:

Сәтжан Қасымжанұлы

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.