Бұрынғы вице-министр Тоқаевтан араша сұрады

Арай Сатыбалдықызы - 06.12.20191737

Қазақстан энергетика министрінің бұрынғы орынбасары Анатолий ШКАРУПАНЫҢ үстінен қозғалған қылмыстық іс Саран қаласындағы сотта қаралып жатыр. Темір тордың ар жағында отырған Анатолий Шкарупа өзін қамаудан босатуды өтініп, президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВҚА хат жазды. Бұл жөнінде бұрынғы вице- министрдің адвокаты Нұрлан БЕЙСЕКЕЕВ «Facebook» парақшасында мәлімдеді. 

Анатолий Шкарупа президентке жазған хатында 2018 жылдың 16 қарашасынан бастап қамауда отырғанын әрі осы жылдың 16  қарашасында  бостандыққа шығуы тиіс болғанын атап өткен.

"Саран қаласындағы сотта алдын ала тыңдалым кезінде қамауға алу санкциясын алып тастау немесе оны ұзартуға қатысты шешім қабылданған жоқ. Сол себепті мені қамауда ұстау санкциясының мерзімі 2019 жылдың 16 қарашасында өтіп кетті. Осыған орай менің ісім алдын ала тыңдалымда тұрғандықтан, әрі соттың санкциясы болмағандықтан, ҚПК 342 бабтың нормасы қарастырылмауы тиіс,өйткені мен 16 қарашада бостандыққа шығуға тиіс едім. Алайда АК 159/1 түзету мекемесінің басшысына және облыс прокурорына жазған өтінішіме қарамастан менің құқығым сақталмай отыр",-деп жазған өз хатында Анатолий Шкарупа. Бұрынғы вице-министр осы мәселеге тікелей президенттің араласуын сұрап отыр.

Адвокат Нұрлан Бейсекеев «өтініш ҚР бас прокуратурасына жіберілмейтін шығар» деп үміттенеді. Себебі ол Саран қаласындағы алдын ала сот тыңдалымына қатысқан прокуратура өкілдері мәселеге салғырттық қарады деп есептейді.

Еске сала кетсек,энергетика министрінің бұрынғы орынбасары Анатолий Шкарупа 2018 жылдың қарашасында тұтқындалған. Кейіннен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту қорының басқарма төрағасының міндетін атқарған Қайсар БАЙДАЛЫ мен «ENERCO» компаниясының директоры Ерлан НАБИЕВ те ұсталған. Анатолий Шкарупа 2014-2017 жылдары Саран қаласында әкім болған кезде "бюджеттен 215 млн теңгенің жымқырылуына қатысы болған" деген дауға қалған. Бүгінде оған Қылмыстық Кодекстің "сеніп тапсырылған аса ірі көлемдегі бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан -таражға салу" бабы бойынша айып тағылып отыр. Тергеу мәліметі бойынша,  бюджеттен бөлінген 200 млн теңге Саран қаласындағы жылу желілеріне есептеу құрылғыларын орнатуға бағытталған. Бірақ Анатолий Шкарупа Саранда әкім болып тұрған кезде, қалада орталық жылу қазандығы салынбаған. Десе де, ол есептеу құрылғыларын бос қабырғаларға орнатуға жол берген. Бұрынғы вице-министр өзіне тағылған айыппен келіспей.

Фото: zakon.kz

Мақала авторы:

Арай Сатыбалдықызы

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.