Минскідегі митинг: Орыс фашизіміне жол жоқ

Әйгерім Жетпісова - 07.12.20193144

Беларусь астанасы Минскіде Ресей Федерациясымен бірігуге қарсылық білдірілді. Ел астанасының көшелеріне мыңға жуық адам шыққан. Бұл туралы БЕЛОРУССКИЙ ПАРТИЗАН басылымы хабарлады.

Бұл митинг қала басшылығынан рұқсат алынбай жасалған. Ақын Владимир НЕКЛЯЕВ «Біз Беларусь үшін өлімге де бас тігеміз» деп ұран тастады. «Свежий ветер» қоғамдық компаниясы ұйымдастырған акцияда адамдар Тәуелсіздік көшесінің бойында бір-бірінің қолынан ұстап қаз-қатар тізіліп тұрды. Сондай-ақ. Қарсылық акциялары қаланың басқа жерлерінде де ұйымдастырылған. Шеруге шыққандар арасында «орыс фашизіміне жол жоқ» деген плакаттар ұстап шыққандар да болды.


Бұл акция президент Александр ЛУКАШЕНКО мен РФ-ның президенті Владимир ПУТИН арасныдағы кездесуге орай өтіп отыр. Қос мемлекет басшысы одақ құру жайлы келісімнің 20 жылдығына орай бас қоспақ. Және интеграцияны нығайту мәселесі талқыланады.


Фото: Фейсбук

Мақала авторы:

Әйгерім Жетпісова

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.