Әкім Нәлібаев және 92,9 бен 8,6 %

Алмас Нүсіп - 07.12.20191942

Сыр өңірінде сыбайлас жемқорлық бойынша қылмыстық істер көбіне облыс орталығы Қызылорда облысында тіркелген. Бұндай ақпаратты Қызылорда облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімі таратты.

2019 жылдың 3-ші тоқсан қортындысы бойынша 35 адам сотталған. Олардың он алтысы орталық атқару органының қызметкері.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек облыста 114 іс тіркелген. Алайда, Қуанышбек ЫСҚАҚОВ бастаған шенеуніктер бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда аз деп өздеріне жұбатса керек. Өңірде ең көп қылмыс Қызылорда қаласында жасалған. Сыбайлас жемқорлыққа қатысты 106 қылмыстық іс тіркелген. Яғни 92,9% іс Нұрлыбек НӘЛІБАЕВ басқаратын қалада жасалған. Қалғандары Қазалы ауданы (7 қылмыстық іс, пайызға шақсақ облыстағы сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстық істің 6,1%) мен Шиелі. Шиеліде бар-жоғы бірақ факті тіркелген.

Арал, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Жаңақорған қоғам болып күресіп жатқан індеттерден таза екен.

Алты жылдан бері Қызылорданы басқарып келе жатқан Нұрлыбек МӘШБЕКҰЛЫ тәжірбиелі әкім. Одан бұрын Шиелі ауданын басқарғанын және Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары болғаны баршаға аян. Алайда, облыс орталығы болғандықтан ба, қалада жемқорлыққа бейімдер жойылмай тұр. Бәлкім Қазақстанның үш облысын басқарған ағасы Бердібек САПАРБАЕВТАН мастер-класс алу керек пе екен.

Алайда, республика бойынша облыс орталығының көрсеткіші Қызылорданың рейтингіне бәлендей әсер ете қоймапты. Үш қала, он төрт облыстың ішінде Сыр өңірі сегізінші орынға жайғасыпты. Ең көп жемқорлыққа батқан Алматы қаласы екен. Одан кейін Ақмола мен Шығыс Қазақстан облысы. Қызылорда облысына Қазақстан бойынша сыбайлас жемқорлық бойынша жасалған қылмыстық істің 8,6 % ғана тиесілі.

Фото: kyzylorda-news.kz

Мақала авторы:

Алмас Нүсіп

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.