Садриддиннің он бірінші жеңісі (видео)

Айман Сағатай - 08.12.20193879

Қазақстандық боксшы Садриддин АХМЕДОВ кәсіпқой рингтегі 11-ші жеңісіне жетті. Ол Канаданың Монреал қаласында өткен бокс кешінде 25 жастағы аргентиналық Хосе Антонио Вильялобосты нокаутпен ұтты.

10 раундқа жоспарланған жекпе-жекте 21 жастағы отандасымыз 7-ші раундта қарсыласын нокаутқа жіберді. 2019 жылы Ахмедов бес жекпе-жек өткізіп отыр. Төртеуін уақытынан бұрын аяқтады.

Жетісайлық боксшы 2016 жылы әуесқой бокстан жастар арасындағы әлем чемпионатын ұтқан. 2018 жылы Канададағы Eye of the Tiger Management проуметрлік компаниямен келісім-шартқа отырған. WBC тұжырымы бойынша жастар арасында әлем чемпионы деген  атағы бар.

Фото: sportx.kz

  


Мақала авторы:

Айман Сағатай

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.