Қайрат Сатыбалды: Жұмақта бірге болайық, ағайын

Нұрболат Әлдибек - 08.12.20197321

Ғаламторға экс-президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ туған інісі Сатыбалды ӘБІШҰЛЫНЫҢ аты берілген Ислам орталығының ашылу салтанатынан видео жарияланды. Ол жерде Қайрат САТЫБАЛДЫНЫҢ сөзі таспаланған.

«Мына жер үстінде Алланың үйінен жоғары ешнәрсе жоқ. Сол себепті сіздерге де, бізге де бүгінгі той құтты болсын. Ислам ұлтқа, мемлекетке бөлмейді. Мына жерге түркі әлеміне аты шыққан Ердоған (Түркия президенті – ред) ағамның ұлы Біләл мырза, Рамзан Кадыровтың бауыры келіп отыр... Мен құдай қаласа келесі жылы елуге келемін. Совет үкіметі құлаған кезде жиырмада болғанмын. Сол заманда «жаман үйдің қонағы билейді дегендей», үлкен кісі билікті қолына алған кезде қазақтардың саны 37 пайыз болған. Қазір құдайға шүкір, бейбітшілік, ақылды саясаттың арқасында қазақ 70 пайызға жетті. Сол заманда Қазақстанда 63 мешіт болған. Қазір аллаға шүкір 3,5 – 4 мыңға жуық мешіт бар. Қысқасын айтқанда, бұның барлығы бір Алланың бергені. Біз тек қана себепшіміз, үлкен кісі ел үшін туып, елді жетелеген кісі... Бұрынғы бабаларымыз айтқан екен, Аллаға зор құлшылық - патшаға, елге қызмет деп.  Ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз деп сасық әңгіме болмайық. Қазақты біріктіретін тек ислам. Мұсылманды мұсылманға жақындататын тек ислам. Намазда, оразада, бес парызда бірге болайық. Бұл дүниенің жақсылығын көріп, жұмақта бірге болайық, ағайын» - депті Сатыбалды.


Бұдан бөлек, мешіттің ашылу салтанатында Сатыбалды ағайынды Смановтарды шақырып, өздерінің қалай танысқандарына қысқаша тоқталды.

2019 жылдың 29 қараша күні Сатыбалды ӘБІҰШҰЛЫ атындағы Ислам орталығы Түркістан облысына қарасты Сарағаш қаласында ашылған еді. Ол туралы «Жас АЛАШ» жазған.

Сарағашта 300 мың адам тұрады. Ал жаңа Ислам орталығында бір мезетте 10 мың адам құлшылық ете алады. Қайрат Сатыбалдының айтуынша, бұл жаңа орталық Алматыдағы Нұр-Мүбәрәк жоғарғы оқу орнынан үлкен. Болашақта Ташкент қаласынан жұмаға осында келсе деген тілек те айтылды.


Бұған дейін Қазақстанда Нұрсұлтан Назарбаевтың ата-анасы атында "Әбіш ата" мен "Әлжан ана" мешіттері ашылған. Алайда, ол кісілер дін қызметкері болмаған.

Фотолар ғаламтордан алынды.

Мақала авторы:

Нұрболат Әлдибек

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Бекет 12 Желтоқсан, 2019

Қазақ мұсылман, яғни араб, емес. Бізге мешіт емес кітапхана аудай қажет!

Жауап беру

Баған

Диқандар неге ашулы?

Сайт Әкімшілігі

Диқандар неге ашулы?

«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті

Сайт Әкімшілігі

«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті

«Жасыл экономика» табиғатымызды жандандыра ала ма?

Сайт Әкімшілігі

«Жасыл экономика» табиғатымызды жандандыра ала ма?

3 тамыздан кейін де рұқсат етілмейтін шаралар

Сайт Әкімшілігі

3 тамыздан кейін де рұқсат етілмейтін шаралар

42 500 теңге: қолдау ма, қорлау ма?

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңге: қолдау ма, қорлау ма?

Қой қымбат. Халық не қылмақ?

Сайт Әкімшілігі

Қой қымбат. Халық не қылмақ?

"Алматы-Өскемен" және "Алматы-Орал" бағытындағы пойыздар тоқтайтын болды

Сайт Әкімшілігі

"Алматы-Өскемен" және "Алматы-Орал" бағытындағы пойыздар тоқтайтын болды

Педофилді ұстаған полиция қызметкері «Айбын» орденімен марапатталды

Сайт Әкімшілігі

Педофилді ұстаған полиция қызметкері «Айбын» орденімен марапатталды

Үкімет керең бе, әлде сараң ба?

Сайт Әкімшілігі

Үкімет керең бе, әлде сараң ба?

Жыпылықтаған интернет Жұмағалиевті жалп еткізді

Сайт Әкімшілігі

Жыпылықтаған интернет Жұмағалиевті жалп еткізді

Қазақстанда коронавирустан 610 адам қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Қазақстанда коронавирустан 610 адам қайтыс болды

Қазақстандықтар зейнеткерлікке ерте шыға ала ма?

Сайт Әкімшілігі

Қазақстандықтар зейнеткерлікке ерте шыға ала ма?

Халықтың қалауын құлаққа ілер кімің бар?!

Сайт Әкімшілігі

Халықтың қалауын құлаққа ілер кімің бар?!

Өзбектерден үйренетін нәрсе аз емес

Сайт Әкімшілігі

Өзбектерден үйренетін нәрсе аз емес

Бурабайға блок-бекет орнату ұсынылды

Сайт Әкімшілігі

Бурабайға блок-бекет орнату ұсынылды

Президент кеңесшісі: Шамамен 2 миллион қазақстандық коронавируспен ауырған

Сайт Әкімшілігі

Президент кеңесшісі: Шамамен 2 миллион қазақстандық коронавируспен ауырған

Қаймана қазақ қанатын қомдап, қамға көшті

Сайт Әкімшілігі

Қаймана қазақ қанатын қомдап, қамға көшті

42 500 теңгені студенттер ала ма?

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені студенттер ала ма?

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Сайт Әкімшілігі

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Жалғыз өзі сотталды

Сайт Әкімшілігі

Жалғыз өзі сотталды