Парижде Зеленский мен Путин кездесті

Дерек көзі: www.azattyq.org - 10.12.2019645

Ресей президенті Владимир Путин және Украина президенті Владимир Зеленский жыл соңына дейін Украина шығысында атысты тоқтату режимін толық жүзеге асыруға келісті. 9 желтоқсанда Парижде өткен "норман төрттігі" саммитінен кейін таратылған ортақ мәлімдемеде осылай деп айтылады.

"Тараптар жыл соңына дейін атысты тоқтату туралы келісімді толық және жан-жақты жүзеге асыру міндетін мойнына алады, атысты тоқтату үшін қажет барлық шараларды жүзеге асырады" делінген мәлімдемеде.

Бұған қоса, Украина мен Ресей жыл соңына дейін "бәріне бәрі" формуласы бойынша тұтқын алмасуға келісті. "Тұтқын алмасуға дайындалу үшін ең әуелі ауыстырылатын адамдардың тізімін жасау керек" деді Владимир Зеленский. Кездесуде сонымен бірге "Қызыл Крест" ұйымының ұсталған азаматтарға кіруіне кедергі жасалмауы тиіс екені айтылды.

Саммитте бұған қоса, Донбаста тағы үш жаңа ауданда әскер тарату орны белгіленуі тиіс екені айтылды. Тараптар ресейшіл сепаратистер бақылауындағы аумақ пен Украинаның қалған бөлігі арасында жаңа өткізу пунктер ашылуы қажет деді.

Төрт мемлекет басшысы сепаратистер бақылауындағы аумақта жергілікті сайлау өткізу мәселесін төрт айдан кейін қайта талқылауға келісті.

Оқи отырыңыз: Путинге үш сауал. "Норман төрттігі" кездесуінен не күтуге болады?

Бұл - Украина мен Ресей басшыларының 2016 жылдан бергі алғашқы кездесуі. Биыл мамыр айында ресми түрде президент қызметіне кіріскен Зеленский Путинмен бірінші рет кездесті.

Мәскеу Украинаның шығысындағы сепаратист құрылымдар мен Киев әскери күштерінің қақтығысына тікелей қатысы бар екенін жоққа шығарып келеді. Алайда, Ресейдің сепаратистерге әскери, экономикалық және саяси қолдау көрсетіп келгені және әскери қақтығысқа Ресей күштерінің тікелей қатысы бар екені жайлы дәлелдер жиі келтіріледі.

Шілде айында Еуропа Одағы мен Украина ортақ мәлімдеме жасап, 2014 жылдың ақпан айынан бері Ресей әскері Украинаға "агрессия" көрсетіп келеді деп айтқан. Ресей Донбастағы қақтығысқа қатысы жоғын айтады.

"Норман төрттігі" саммиті - Украинаның шығысындағы жанжалды реттеу үшін 2014 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Украина, Ресей, Франция және Германия жетекшілері мен сыртқы істер министрлігінің кездесу форматы.

Мақала авторы:

www.azattyq.org

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Диқандар неге ашулы?

Сайт Әкімшілігі

Диқандар неге ашулы?

«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті

Сайт Әкімшілігі

«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті

«Жасыл экономика» табиғатымызды жандандыра ала ма?

Сайт Әкімшілігі

«Жасыл экономика» табиғатымызды жандандыра ала ма?

3 тамыздан кейін де рұқсат етілмейтін шаралар

Сайт Әкімшілігі

3 тамыздан кейін де рұқсат етілмейтін шаралар

42 500 теңге: қолдау ма, қорлау ма?

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңге: қолдау ма, қорлау ма?

Қой қымбат. Халық не қылмақ?

Сайт Әкімшілігі

Қой қымбат. Халық не қылмақ?

"Алматы-Өскемен" және "Алматы-Орал" бағытындағы пойыздар тоқтайтын болды

Сайт Әкімшілігі

"Алматы-Өскемен" және "Алматы-Орал" бағытындағы пойыздар тоқтайтын болды

Педофилді ұстаған полиция қызметкері «Айбын» орденімен марапатталды

Сайт Әкімшілігі

Педофилді ұстаған полиция қызметкері «Айбын» орденімен марапатталды

Үкімет керең бе, әлде сараң ба?

Сайт Әкімшілігі

Үкімет керең бе, әлде сараң ба?

Жыпылықтаған интернет Жұмағалиевті жалп еткізді

Сайт Әкімшілігі

Жыпылықтаған интернет Жұмағалиевті жалп еткізді

Қазақстанда коронавирустан 610 адам қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Қазақстанда коронавирустан 610 адам қайтыс болды

Қазақстандықтар зейнеткерлікке ерте шыға ала ма?

Сайт Әкімшілігі

Қазақстандықтар зейнеткерлікке ерте шыға ала ма?

Халықтың қалауын құлаққа ілер кімің бар?!

Сайт Әкімшілігі

Халықтың қалауын құлаққа ілер кімің бар?!

Өзбектерден үйренетін нәрсе аз емес

Сайт Әкімшілігі

Өзбектерден үйренетін нәрсе аз емес

Бурабайға блок-бекет орнату ұсынылды

Сайт Әкімшілігі

Бурабайға блок-бекет орнату ұсынылды

Президент кеңесшісі: Шамамен 2 миллион қазақстандық коронавируспен ауырған

Сайт Әкімшілігі

Президент кеңесшісі: Шамамен 2 миллион қазақстандық коронавируспен ауырған

Қаймана қазақ қанатын қомдап, қамға көшті

Сайт Әкімшілігі

Қаймана қазақ қанатын қомдап, қамға көшті

42 500 теңгені студенттер ала ма?

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені студенттер ала ма?

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Сайт Әкімшілігі

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Жалғыз өзі сотталды

Сайт Әкімшілігі

Жалғыз өзі сотталды