АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Халықаралық адам құқықтары күніне орай мәлімдеме жасады

Сайт Әкімшілігі - 10.12.20192392

АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Уильям Мозер Халықаралық адам құқықтары күніне орай мәлімдеме жасады. Бұл жөнінде Власть.кз басылымы хабарлады.

Қазақстандағы АҚШ Елшісі Уильям Мозер адам құқықтарын қорғаудағы әр адамның маңызды рөлі жайлы.

"Бүгінгі бытыраңқы әлемде халықтардың бәрі бірдей келісетін, түрлі мәдениеттер өзінің ажырамайтын бөлігі деп қабылдайтын тақырып қалмады деп ойлау – оңай іс. Алайда, 10 желтоқсан – Халықаралық адам құқықтары күні сонау жылдар бұрын адамзат дәл осыған қол жеткізгенін есімізге салады. 1948 жылдың 10 желтоқсанында Біріккен Ұлттар Ұйымы бір ауыздан барлық адамға бірдей берілген құқықтар жүйесі – Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясын (АҚЖБД) қабылдады. Мысалы, азапталмау және қадір-қасиетін қорлайтындай адамшылыққа жатпайтын қатыгездік жолмен жәбірленбеу, немесе жазаланбау құқығы. Немесе дін мен наным-сенім бостандығына ие болу құқығы. Сөзбостандығы, бейбіт жиналыстар және ассоциацияларды құру бостандығы құқығы. Кәсіподақ құру және өз мүдделерін қорғау үшін кәсіподаққа кіру құқығы. Қай елдің азаматы болмасын, әрбір адам АҚЖБД-ға жүгініп, бұл құқықтарды өзіне тумысынан берілген құқық ретінде талап ете алады.

АҚЖБД-ның атауындағы «жалпыға бірдей» деген сөз әдейі таңдалып алынған, себебі ол АҚЖБД-ның бүкіл әлемдегі құқықтық дәстүрлердің тоғысуынан туған консенсустың жемісі екенін көрсетеді. Біз Америка Құрама Штаттарының өкілі Элеонора Рузвельттің АҚЖБД-ның редакциялық комиссиясын басқара отырып,оған әрбір адамға «Жаратушы ажырамас құқықтар берді» деп Тәуелсіздік декларациямызда жазылған нанымды қосқанын мақтан тұтамыз. Декларацияның редакторлары – түрлі ұлттық, этникалық және мәдени орта өкілдері мен әр түрлі зияткерлік дәстүрлерді ұстанатын адамдар. Мысалы, Рене Кассен – АҚЖБД-ға қосқан үлесі үшін кейіннен Нобель сыйлығына ие болған Францияның Баск аймағының еврей ұлтының өкілі. Шарль Малик болса, 1930 жылдары нацистік режимнен қашқан ливандық маронит христиан болған. Қытай өкілі Чжан Пэнчунь комиссияға елеулі конфуцийлік ықпал қосты.

АҚЖБД өз азаматтарының құқықтық қамын ойламайтын үкіметтер өздерінің делқұлы мүдделеріне жету үшін әлемді зұлмат қақтығысқа батырудан қымсынбайтынын көрсеткен  Екінші дүниежүзілік соғыстың қасыретенін туды. Біріккен Ұлттар Ұйымының негізін қалаушылар адам құқығын құрметтеу арқылы ғана әлемде бейбітшілік орнайтынын түсініп, әрбір ұлт қолданысқа енгізе алатын ортақ құрылым – адам жеке басының абыройы басымдылық екенін мойындайтын құқықтар жүйесін жасап шығаруға бел буды.

Өкінішке орай, қазіргі күні АҚЖБД-да бекітілген адам құқықтары мен негізгі бостандықтардын әлемнің барлық елі сақтамайтыны жаңалық оқитын кез келген адамға белгілі. Бүгінде адам құқықтарын бұзып жатқан елдердің кейбіреуі АҚЖБД-ға алғашқылардың бірі болып қол қойып, сол құқықтарды сақтаймыз деп міндеттеме алған елдер қатарында.

2017 жылдың сәуірінен бері Қытай үкіметі бір миллионнан астам ұйғыр мен басқа мұсылман азшылығының өкілін Шыңжан аймағындағы лагерьлерге қамады. Лагерлердегі мәжбүрлеп еңбек еткізу, азаптау және басқа да адамшылыққа жатпайтын әрекеттер туралы мәлімдемелер Қытай үкіметінің бұл лагерьлердің мақсаты білім беру деген тұжырымын жоққа шығарады. Лагерьден тыс халықтың өзі үстінен орнатылған үздіксіз қадағалау жүйелері үшін қандай да бір жеке таңдау мен бостандықтан құр қалып, аспан астындағы түрмеге қамалды.

Иран режимінің сайланбаған Жоғарғы Басшысы аймақтағы хаосты қолдауды Иран халқының өмір жағдайын жақсартудан жоғары қойып отыр. Жүк көлігін жүргізушілер мен мектеп мұғалімдерінің жалғыз жазығы жалақыларын сұрау болатын, соған бола олар қысым астында қалды, ал кейбір баяндамалардың айтуынша, түрмеге қамалып, азапталып жатыр. Режим өзінің ұзақ жылдар бойғы әйелдерді кемсіту саясатын азайтпады, көпшілік алдында хиджаб кимегені үшін әйелдер 23 жылға дейін сотталуда.

Ресейлік адам құқықтарын қорғау ұйымы «Мемориалдың» ақпаратына сәйкес, Ресейде 315 саяси тұтқын бар, оның 195-і былтырғы жылы ұсталған, ал 200-і дін немесе наным-сенім бостандығын қолданғаны үшін айыпталған. Үкімет сөз бостандығы мен Интернет бостандығын шектеуін тыяр емес, ал азаматтық қоғам мен тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдарына әрдайым қысым көрсетіліп, жалған жала жабылып, қоқан-лоқы мен зомбылық жасалып келеді. Шешен Республикасында азаптау, адамдардың мәжбүрлі түрде жоғалуы, жаппай адам өлтіріп есеп айырысу сияқты жағдайлар жазасыз қалып жатқаны жайлы айтылады.

1948 жылы АҚЖБД қабылданғаннан бері адам бостандығы жолындағы біз куә болған жеңістердің қасында бұл елдердің кері кетуі тіпті қайран қалдырады. Мысалы, Оңтүстік Африкадағы 1970 жылдардағы апартеидке қарсы күрес пен 1980-1990 жылдары орнаған бейбітшілік пен татулық кезеңі. Польшаның жұмыскерлері үкіметтен олардың қудалау немесе кек алу үрейінсіз өмір сүру және жұмыс істеу құқықтарын құрметтеуді талап еткен ынтымақтық қозғалысы. Өз құқықтарын талап ету үшін қорықпай ашық сөйлеген жеке тұлғалардың сансыз мысалдары да жетіп жатыр. Олардың ішінде – Гватемалада сексуалдық құлдыққа тап болған бір топ жергілікті әйелдің сотта өз жағдайлары туралы ашық айтып беру батылдығы, Пәкістанда мектепке барғаны үшін ғана Талибан оғының астында қалып, аман қалған Малала Юсафзайдың кейіннен жарақатына, тоқтаусыз қудалауға ұшырауына қарамастан теңдіктің табанды, жігерлі үніне айналуы.

АҚЖБД-ның сан түрлі авторлары олар басып айтқан жалпыға бірдей құқықтардың мақсаты ортақ екенін түсінді. Олар әрбір елдің бір-бірінің алдында міндеттері бар екенін түсінді, ол – әрбір адамға берілген адами абырой мен адам құқықтарын қорғау міндеті. Бұл міндет үкіметтердің ғана мойнында емес. Әрбірден кейін, үкіметтердің өзі адамдардан құрылады. Адам құқықтарына жақ болып, оны қорғауда әрбір адамның алар орны бар.

Біз оған қалай жете аламыз? Адам құқықтары жайлы білімімізді тереңдетіп, АҚЖБД кепіл болып табылатын адам құқықтары мен қазіргі заманда әлемдегі адам құқықтарын бұзу жағдайларынан хабардар болу арқылы. Бірігіп құқық бұзушылыққа қарсы тұрып, жауапкершілікке шақыру, сондай-ақ адам құқықтарын бұзып жатқан мемлекеттерге деген назарды арттырып, адам құқықтарын құрметтеудегі міндеттемелерін орындауды талап ету арқылы. Біз үкіметтерімізді басқа елде адам құқықтары бұзылып жатқанда ол жайлы ашық айтуға шақыра аламыз. Әрбір елден АҚЖБД қағидаларын ұстануды талап ете аламыз.

Мен сіздерге Америка Құрама Штаттары мен оның халқы адам құқықтарын құрметтеу қағидасына әрқашан бекім деп сеніммен айта аламын. Біз адам құқықтарын қорғауда алдыңғы қатардамыз, әрбір американдықтың күнделікті өмірінде құқығы қалай қорғалса, әлемнің әрбір азаматы өз құқығын дәл солай қолдана алуы үшін күресіп келеміз.

Әрбірден кейін, 1948 жылы ұлттар қауымдастығы мәлімдегендей, бұл бостандықтар – әр адамға ортақ, тумысынан берілген құқық.

Фото: Спутник Қазақстан

Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Диқандар неге ашулы?

Сайт Әкімшілігі

Диқандар неге ашулы?

«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті

Сайт Әкімшілігі

«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті

«Жасыл экономика» табиғатымызды жандандыра ала ма?

Сайт Әкімшілігі

«Жасыл экономика» табиғатымызды жандандыра ала ма?

3 тамыздан кейін де рұқсат етілмейтін шаралар

Сайт Әкімшілігі

3 тамыздан кейін де рұқсат етілмейтін шаралар

42 500 теңге: қолдау ма, қорлау ма?

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңге: қолдау ма, қорлау ма?

Қой қымбат. Халық не қылмақ?

Сайт Әкімшілігі

Қой қымбат. Халық не қылмақ?

"Алматы-Өскемен" және "Алматы-Орал" бағытындағы пойыздар тоқтайтын болды

Сайт Әкімшілігі

"Алматы-Өскемен" және "Алматы-Орал" бағытындағы пойыздар тоқтайтын болды

Педофилді ұстаған полиция қызметкері «Айбын» орденімен марапатталды

Сайт Әкімшілігі

Педофилді ұстаған полиция қызметкері «Айбын» орденімен марапатталды

Үкімет керең бе, әлде сараң ба?

Сайт Әкімшілігі

Үкімет керең бе, әлде сараң ба?

Жыпылықтаған интернет Жұмағалиевті жалп еткізді

Сайт Әкімшілігі

Жыпылықтаған интернет Жұмағалиевті жалп еткізді

Қазақстанда коронавирустан 610 адам қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Қазақстанда коронавирустан 610 адам қайтыс болды

Қазақстандықтар зейнеткерлікке ерте шыға ала ма?

Сайт Әкімшілігі

Қазақстандықтар зейнеткерлікке ерте шыға ала ма?

Халықтың қалауын құлаққа ілер кімің бар?!

Сайт Әкімшілігі

Халықтың қалауын құлаққа ілер кімің бар?!

Өзбектерден үйренетін нәрсе аз емес

Сайт Әкімшілігі

Өзбектерден үйренетін нәрсе аз емес

Бурабайға блок-бекет орнату ұсынылды

Сайт Әкімшілігі

Бурабайға блок-бекет орнату ұсынылды

Президент кеңесшісі: Шамамен 2 миллион қазақстандық коронавируспен ауырған

Сайт Әкімшілігі

Президент кеңесшісі: Шамамен 2 миллион қазақстандық коронавируспен ауырған

Қаймана қазақ қанатын қомдап, қамға көшті

Сайт Әкімшілігі

Қаймана қазақ қанатын қомдап, қамға көшті

42 500 теңгені студенттер ала ма?

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені студенттер ала ма?

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Сайт Әкімшілігі

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Жалғыз өзі сотталды

Сайт Әкімшілігі

Жалғыз өзі сотталды