Назарбаевтың ескі досы еді

Есдәулет Қызырбекұлы - 10.12.20192544

Мәскеу қаласының бұрынғы мэрі Юрий ЛУЖКОВ қайтыс болды. 

БАҚ өкілдерінің мәліметінше, экс-әкім Германияда көз жұмған. Оның жүрегіне Мюнхен қаласында ота жасауы тиіс болған.

Юрий Лужков Мәскеу қаласын (1992-2010 жылдар аралығында) үздіксіз 18 жыл басқарған.  2010 жылы «РФ президенті Д. Медведевтің сенімін ақтамады» деген себеппен қызметінен босатылды. Орнынан кете салысымен билік партиясы «Единая Россия» құрамынан шықты. Кейіннен ол сұхбаттарының бірінде өзінің қызметтен кетуіне қазіргі премьер-министр Дмитрий Медведевпен арадағы кикілжің себеп болғанын және 2011 жылғы парламент сайлауында «Единая Россияға» дауыс бермегендігін айтты.

2011 жылы Лужков Ресей билігі өзін және отбасын қудалап жатқандығын мәлімдеп, Латвиядан ел аумағында тұруға рұқсат сұрады. Бірақ Латвия оны өз територриясында көргісі келмейтін азаматтардың қатарына енгізді. ІІМ Линда Мурниеце «Юрий Лужков Латвия елін жақсы көрмейді және жаулық көзқараста» деп мәлімдеді.

Юрий Лужковтың саяси жолы қызу тартыстар мен дау-дамайға бай. Мәскеу қаласын үздіксіз 18 жыл басқарған экс-мэрдің Қазақстанды тоқтаусыз 28 жыл басқарған экс-президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВПЕН де байланысы бар. Назарбаевтың оны бірнеше рет жеке қабылдағанын қоспағанда, Лужков 2011 жылы «Назарбаевты ұлықтау» рәсіміне қатысқан. Сол кезде ол журналистерге: «Нұрсұлтан Әбішұлы ұлы ғана емес, өте қарапайым адам. Ол маған өте жақын. Біз ұзақ жылдардан бері доспыз», - деген.

Фото әлеуметтік желіден

 

Мақала авторы:

Есдәулет Қызырбекұлы

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.