ҚТЖ-ға 170 миллиард не үшін қажет?

Мадияр Жалғасұлы - 10.12.20193452

Жуырда "Қазақстан темір жолы" АҚ-на Зейнетақы қорынан 170 млрд.теңге аударылатыны баспасөз беттерінде жария болды. Ал Қазақстанда темір жол бекеттерінің жағдайы оңып тұрмағанын ескерсек, жолаушылар тасымалынан түсетін қаражаттан бөлек, осынша мол қаржы ҚТЖ-ға не себепті қажет екені түсініксіз.


Облыстардағы темір жол бекеттерінде басқасын айтпағанда әжетханаға кіру үшін де ақы төлейтінін халық жақсы біледі. Маңғыстау өңірінде онсыз да карьерлер дауынан арыла алмай отырған Шетпе елді мекенінде бір емес, екі темір жол вокзалы бар. Бірақ тұрғындар вокзал деп ауыз бармайтынын айтып отыр. Себебі вокзал ғимаратының тозығы жетіп, ешқандай қызмет түрі көрсетілмейді екен. Шетпе вокзалы жолаушылар тасымалында маңызды бекет, Жаңаөзен қаласы мен Жетібай кентінің халқы аталған вокзалға барып жолға шығады.


Тұрғындардың шағымынан соң Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық филиалының мониторинг тобы қос вокзалға барып тексеріс жүргізген. Жергілікті билік өкілдері 20 жылға жуық уақыт бойы жырға айналған темір жол бекеттерінің мәселесін бір-біріне сілтеп отыр. Халық вокзалды сенімгерлік басқару арқылы кәсіпкерлерге беру - ең тиімді жол деп отыр.

«Вокзалдарды барып көрдік. Адам шошырлық хәлде. Ішкі есіктерін былай қойғанда, сыртқы есігінің өзі жабылмайды. Терезелері сынған, төбесі ашық қалған. Мал қора деп атауға болатын шығар.Тексерістен соң вокзалға жөндеу жұмыстары басталған екен. Ғимаратты сырлап, бірнәрселер жасап жатыр. Бірақ әлі де бұл мәселе талқыланатын болады», -  дейді мониторинг тобының мүшесі Римма УТЕСБАЕВА.


Фотоларды автор ұсынды.

Мақала авторы:

Мадияр Жалғасұлы

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Диқандар неге ашулы?

Сайт Әкімшілігі

Диқандар неге ашулы?

«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті

Сайт Әкімшілігі

«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті

«Жасыл экономика» табиғатымызды жандандыра ала ма?

Сайт Әкімшілігі

«Жасыл экономика» табиғатымызды жандандыра ала ма?

3 тамыздан кейін де рұқсат етілмейтін шаралар

Сайт Әкімшілігі

3 тамыздан кейін де рұқсат етілмейтін шаралар

42 500 теңге: қолдау ма, қорлау ма?

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңге: қолдау ма, қорлау ма?

Қой қымбат. Халық не қылмақ?

Сайт Әкімшілігі

Қой қымбат. Халық не қылмақ?

"Алматы-Өскемен" және "Алматы-Орал" бағытындағы пойыздар тоқтайтын болды

Сайт Әкімшілігі

"Алматы-Өскемен" және "Алматы-Орал" бағытындағы пойыздар тоқтайтын болды

Педофилді ұстаған полиция қызметкері «Айбын» орденімен марапатталды

Сайт Әкімшілігі

Педофилді ұстаған полиция қызметкері «Айбын» орденімен марапатталды

Үкімет керең бе, әлде сараң ба?

Сайт Әкімшілігі

Үкімет керең бе, әлде сараң ба?

Жыпылықтаған интернет Жұмағалиевті жалп еткізді

Сайт Әкімшілігі

Жыпылықтаған интернет Жұмағалиевті жалп еткізді

Қазақстанда коронавирустан 610 адам қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Қазақстанда коронавирустан 610 адам қайтыс болды

Қазақстандықтар зейнеткерлікке ерте шыға ала ма?

Сайт Әкімшілігі

Қазақстандықтар зейнеткерлікке ерте шыға ала ма?

Халықтың қалауын құлаққа ілер кімің бар?!

Сайт Әкімшілігі

Халықтың қалауын құлаққа ілер кімің бар?!

Өзбектерден үйренетін нәрсе аз емес

Сайт Әкімшілігі

Өзбектерден үйренетін нәрсе аз емес

Бурабайға блок-бекет орнату ұсынылды

Сайт Әкімшілігі

Бурабайға блок-бекет орнату ұсынылды

Президент кеңесшісі: Шамамен 2 миллион қазақстандық коронавируспен ауырған

Сайт Әкімшілігі

Президент кеңесшісі: Шамамен 2 миллион қазақстандық коронавируспен ауырған

Қаймана қазақ қанатын қомдап, қамға көшті

Сайт Әкімшілігі

Қаймана қазақ қанатын қомдап, қамға көшті

42 500 теңгені студенттер ала ма?

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені студенттер ала ма?

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Сайт Әкімшілігі

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Жалғыз өзі сотталды

Сайт Әкімшілігі

Жалғыз өзі сотталды