Шаңғы тебу мәдениетін балалар қалыптастырады

Алмас Нүсіп - 18.12.20194619

Аты қатар аталатын Шымбұлақ пен Медеу қазақстандықтардың түсінігінде шаңғы тебетін шатқал мен мұз айдынынан гөрі «біздің мақтанышымыз» дейтін «аяулы» тізімге кіріп алғандай көрінеді. Өйткені, атақты спорт кешеніндеріне етектегі Алматының өзі көп бас сұға бермейді екен. Әсіресе, Шымбұлаққа. Статистика бойынша Алматының шаңғы тебетін тұрғындарының саны 10 пайызға да жетпейді. Бұл, әрине, Алатаудың етегінде тұратын, «таулықпыз!» деп шалқайғанда бөркі өкшесіне түсетін ел үшін онша бір кешірімді көрсеткіш емес.

Жалпы, көпшілік ел шаңғыны «қауіпті спортқа» жатқызады. Үйрену қиын, аяқ сындырып аламыз деп қорқады. Көпшілігі аяғына шаңғы байлап көрмесе де солай ойлайды. Және... Қымбатсынатындар да жоқ емес. Әлбетте, қазіргі әлеуметтік жағдайға сүйенсек, көпшіліктің шаңғы тебуге құлшына қоймайтынын түсінуге де болады. Әйтсе де, елімізде шаңғы тебу мәдениеті аздап болса да көтеріліп келе жатқанын жоққа шығара алмаймыз. Соңғы жылдары сыртқы туризм, ішкі туризм есебінен «Шымбұлақ» тау-шаңғы кешеніне келушілер өсіп келеді. Осыған орай шаңғы кешеніне де сервистік жағынан, ауқымын кеңейту бағытында жаңарып отыруға тура келеді.

«Шымбұлақ» тау-шаңғы курортының бас директоры Ринат Әбдірахманов Қазақстан SCIJ шаңғышы-журналистер клубы өкілдерімен кездесіп, кешеннің қазіргі жағдайы мен болашақ даму жоспарлары жайлы айтты.

- Шымбұлаққа былтыр 682 мың адам келді. Бұл алдынғы жылғыға қарағанда 17 пайызға артық. 682 мыңның 220 мыңы шаңғышылар, бұл тұрғыдан алғанда 20 пайызға өсім бар. Жалпы, биыл бір апта кеш ашылғанымызға қарамастан биылғы көрсеткіш былтырғыдан жоғары болады деп отырмыз. Қазірдің өзінде әлгі бір аптаның есесін қайтардық деп ойлаймын. Біз биыл қонақтарымызға қандай жаңа қызмет ұсынамыз? 2011 жылы іске қосылған жалға беру жүйесі біраз ескірді, сол себепті жалға беру пункттері мен локерлерді (сақтау камерасы) толықтай жаңғырттық, жалпы көлемі 2 мың шаршы метрге жетті, - деді Ринат Әбдірахманов.

Басшылық қызметке жаңа тағайындалған Әбдірахмановтың айтуынша, биылдан бастан кешен қызмет көрсетудің жаңа жүйесіне өтіпті. Автриялық үлгідегі жүйе толықтай онлайн түрде қызмет көрсететін мүмкіндікке ие. Әрине, жұрттың бәрі онлайн қызметті қолдана бермейді, десе де, қазір онлайн сатып алушылардың саны 32 пайызға жетіпті. Мобильді қосымша арқылы керек-жарақтар мен қызметтерді сатып алып қана қоймай, ауа райы қалай, шаңғы жолдарының ашық-жабықтығы, аспалы жолдардың адам қабылдау мүмкіндігі сияқты жеке қызығушылығына да жауаптар ала алады.

Сонымен қатар, жаңа қонақ үйлер мен ресторандар, барлар ашу жоспарда бар. Әсіресе, Шымбұлаққа қатысты сөз болғанда қонақ үй мәселесі жиі айтылады. Қазір Шымбұлақта 56 бөлмелік 2-ақ қонақ үй бар. Әрине, Алматы тиіп тұр, десе де, алыстан шаңғы теуіп, тауда демалу үшін арнайы келген қонақтар үшін курорттың өзінде орналасу маңызды саналады. Тек шаңғы ғана емес, тауды тамашалау да, түнгі, күндізгі көркін қызықтау да туристер үшін маңызды. Осыған орай қазір бірнеше шет елдік компаниялармен біріккен жұмыстар атқарылып жатыр екен.

- Тағы бір ерекше жаңалығымыз – құны 500 мың доллар тұратын қар таптайтын техника. Италиялық модель тек қана трассаны дайындау үшін ғана емес, адамдарды тасымалдауға да арналған. Осының арқасында күні кеше ғана қонақтарымызға курорт бойынша тур ұйымдастырдық. Мұндағы артықшылық сол – жаяу бару қиын жерлерге жеткізіп, аспалы жолдар жете бермейтін станцияларға апарамыз. Сол жерде тұрып табиғатты тамашалайды, қалып кетем десе де мүмкіндіктері бар. Бағасы да қымбат емес, аспалы жолдан 500 теңге (4500) жоғары. Меніңше бұл өте қолжетімді баға. Өйткені, сервисі біздің кешенмен қарайлас еуропалық курорттарда мұндай турларға әр адам 200 еуро төлейді. Бұл техниканың ерекшелігі сол – бір уақытта екі жұмысты қатар атқарады, бір жағы адам тасиды, бір жағы трассаны тегістейді. Бұл да қонақтарымызға керемет көңіл-күй сыйлайды ғой деп ойлаймын.

Журналистерді қызықтырған тағы бір мәселе – балаларға арналған шаңғы мектептерінің жұмысы. 2013 жылдан бастап қолға алынған мектептер негізінен жеке адамдардың бастамасымен іске асыпты. Жалпы, балаларды шаңғыға баулу ісі бойынша Алматының айналасында жүйелі түрде жолға қойылған деп айту қиын. Іс енді-енді ғана басталып жатыр деуге болады. Бұл жағынан әзірге шығыс жақ – Риддер мен Өскемендегі шаңғы курорттары көш ілгері тұр деуге болады.

- 2013 жылы бізге арнайы жаттықтырушылар келіп, ұсыныс айтты. Мемлекет тарапынан бөлінген қаржының бәрі негізінен Қазақстанның ересектер құрамасына кетеді. Балаларға жоқ. Бұл спорт түрі даму үшін балалар спортына көңіл бөлуіміз керек деп. Осыдан кейін біз Shymbulak Ski Club клубын құрдық. Алғашында ұлттық құрама қатарында жүрген спортшылардан тұратын 3 жаттықтырушымен бастадық. Ол кезде 8 жастан бастап қабылдайтын едік, қазір 5, тіпті, 4 жастан бастап қабылданады. Осы 6 жыл аралығында біз тек мектеп құрып қана қойған жоқпыз, қазір әсіресе Қазақстанның шаңғыдан әйелдер құрамасы мүшелерінің көбі біздің түлектер. Біз балаларға тегін жаттығу жасауға мүмкіндік береміз, арнайы трасса ашып бердік, қазір күн сайын түске дейін жаттығу жасайды.

Балалар спортын дамыту – шаңғы спортының болашағы деуге болады. Ринат мырза Шымбұлақ шаңғы мектебінен танымал спортшылар шықса дейді. Осыған орай қазір ерекше үміт күтіп отырған жекелеген спортшыларға демеушілік жасап, түрлі бағытта қолдау білдіру жолға қойылған. Спортшыға тек бір ғана базада жаттығу аздық етеді, түрлі трассаларды көруі керек. Еуропаға, шаңғы спорты дамыған өзге де елдерге барып жаттығу жасауға мүмкіндігі болуы тиіс. Осындай жұмыстардың арқасында шымбұлақтық шаңғышылар алдағы олимпиадаға қатысып қалуы да мүмкін деп отыр.

Балаларды оқытуға қатысты Алматы қалалық әкімдігі де арнайы бағдарлама жасаған. Журналистер бұл туралы да сұрады.

- Бұл әкімдікпен бірлескен басқа жоба. Әкімдік жыл сайын тендер өткізеді. Жалпы алғанда 1800-дей мектеп оқушысы желтоқсан айынан бастап шаңғы мектебінен өте алады. Бұл жерде тек Шымбұлақ қана емес, өзге де тау-шаңғы кешендері қатыса алады. Біз өткен жылы «Спорттық Алматы» бағдарламасы бойынша 800 баланы оқыттық. Бұл бағдарламада балаларды әкімдіктің өзі жинайды. Қатысам деген балалар әкімдікке өтініш беріп, солар арқылы тіркеледі. Біз өз тарапымыздан алаң ұсынамыз, жаттықтырушылар тағайындаймыз, орын, ски-пасс, шаңғы береміз. Әкімдік жаттықтырушылардың ақысын төлейді.

Шымбұлақ басшысының сөзіне сүйенсек, балалардың шаңғы теуіп үйренуі – тау-шаңғы кешендеріне де өте пайдалы. Өйткені, бала шаңғыны меңгерген соң кәсіби спортшы болып кетпесе де, тұтынушыға айналады. Тағы бір жазылмаған заңдылық – бала шаңғы теуіп үйренген соң, оның әке-шешесі де үйренеді, олар да тұтынушылар қатарын толықтырады. Балалар кез келген спорттың болашағы мен дамуы үшін үлкен роль атқарады, сол себепті, шаңғы мектептерінің көптеп жұмыс істеуі шаңғы базаларының жұмысына да дем береді.

Жыл сайын шаңғышысы көбейіп жатқан «Шымбұлаққа» жыл сайын жаңарып отырмай болмайтынын айттық.

- Жазда кезекті жаңғырту жұмыстары жүрді, жасанды қар шашу жүйесі жетілдірілді. Бұл бағыт бойынша енді біз Солтүстік Талғар шатқалының 13 гектарын қамтимыз. Соның арқасында бұл шатқалдағы трассаны былтырғыдан ерте аштық. Білесіздер, биыл күн жылы болды, қар да аз жауды. Соған қарамастан Солтүстік Талғар трассасына жанама сноупарк аштық. Бұл сноупарк Орта Азия, тіпті, ТМД елдері бойынша ең биік сноупарк болайын деп тұр. Фристайлды дамытсақ деген ойымыз бар. Одан бөлек, жалпы сырғанау жолдарын ұзартуды тоқтатпаймыз. Өйткені, ылғи бір жолмен сырғанай беру кімді де болса жалықтырады. Қазір Шымбұлақтың бүкіл трассасымен 4 сағатта танысып шығатын болсаңыз, болашақта бұл уақыт бірнеше күнге созылуы мүмкін. Жолдардың ұзақ әрі әр қилы болуы әлемнен турист тартуда басты көрсеткіш саналады. Қазір «Шымбұлақ» трассаларының жалпы ұзындығы – 25 км. Алдағы уақытта Құрғақсайды дамытып, қосымша аспалы жол салсақ деп отырмыз. Құрғақсай қосылса 8 км, Башут шыңын жалғап алсақ +30 км, Панорама шыңын қамтитын жоба іске асса тағы 60-70 км қосылады. Міне, сонда «Шымбұлақ» Медеуге түсетін жолмен қосылып кетеді де, төмен қарай шаңғымен түсуіміз мүмкін. Әрине, бұған үлкен қаржы кетеді, қазір есептеліп жатыр, - деді.

Ал баға саясатына қатысты көп өзгеріс жасамауға уәде берді. Өйткені, біздегі қазіргі баға шетелдіктер үшін арзан болғанмен, жергілікті тұрғындар үшін әжептәуір қымбат. Девальвациядан кейін кешеннің еуроға шаққандағы пайдасы төмендеген. Әйтсе де, мұндай шығындарды бағаны көтерумен емес, тұтынушыларды көбейтіп, қызмет ауқымын кеңейту арқылы шешсек дейді.

Сырғанау жолдарын ұзарту экологияға кері әсерін тигізбей ме? Жол кеңею үшін ағаш кесілу керек, жер қыртысы бұзылу керек дегендей. Бірақ, кешен басшысы жаз сайын шаңғы жолдарының асты гольф-клубтағыдай жап-жасыл болып жататынын, ең алдымен тұмса табиғатты сақтауға күш салатындарын айтты.

«Шымбұлақ» қазақстандықтардың (әсіресе іргедегі Алматыға) шаңғы тебу мәдениетін қалыптастыруға күш салатынын бұған дейін де бірнеше рет айтқан. Биыл 65-ші маусымын ашып жатқан әйгілі кешен осы 65 жыл ішінде қазақстандықтарға шаңғы тебуді қаншалықты үйреткеніне оқырман өзі төрелік айтар, біз алыс-жақынға аты мәлім, Алматының көрнекі орындарының бірі – «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортын мерейтойымен құттықтайық.

Фото: time.kz

Мақала авторы:

Алмас Нүсіп

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Түркістан облысында коронавирустан қайтыс болған кім екені белгілі болды

Сайт Әкімшілігі

Түркістан облысында коронавирустан қайтыс болған кім екені белгілі болды

Оразада ауыз ашар беруге тыйым салынуы мүмкін

Сайт Әкімшілігі

Оразада ауыз ашар беруге тыйым салынуы мүмкін

Бас санитар дәрігер: Коронавирустан көз жұмғандардың сүйегі туыстарына берілмейді

Калибаев Нурсултан

Бас санитар дәрігер: Коронавирустан көз жұмғандардың сүйегі туыстарына берілмейді

Дәурен Абаев: COVID-19-ға қарсы адамдарда иммунитет жоқ

Сайт Әкімшілігі

Дәурен Абаев: COVID-19-ға қарсы адамдарда иммунитет жоқ

Орынбасар олқылығын түзепті

Сәтжан Қасымжанұлы

Орынбасар олқылығын түзепті

Уәлихан ҚАЛИЖАН, «Жас Алаш» ұлттың рухани ұстазы болды

Сайт Әкімшілігі

Уәлихан ҚАЛИЖАН, «Жас Алаш» ұлттың рухани ұстазы болды

Қазаққа күйік болған не?

Сайт Әкімшілігі

Қазаққа күйік болған не?

Коронавирус: қай ел қанша өтемақы төлейді?

Сайт Әкімшілігі

Коронавирус: қай ел қанша өтемақы төлейді?

Нұр-Сұлтанды "әскер" дизенфекциялап жатыр (видео)

Сайт Әкімшілігі

Нұр-Сұлтанды "әскер" дизенфекциялап жатыр (видео)

Дүрбелеңмен өтті ғой, Тоқаевтың көп күні

Сайт Әкімшілігі

Дүрбелеңмен өтті ғой, Тоқаевтың көп күні

Елімізде коронавирус жұқтырған тағы 7 адам тіркелді

Сайт Әкімшілігі

Елімізде коронавирус жұқтырған тағы 7 адам тіркелді

Дәурен Абаев: Адам шығыны болған жағдайда алгоритм жүйесімен жерленеді

Сайт Әкімшілігі

Дәурен Абаев: Адам шығыны болған жағдайда алгоритм жүйесімен жерленеді

Абайлаңыз, қоқыстағы маска сатылымда болуы мүмкін (видео)

Сайт Әкімшілігі

Абайлаңыз, қоқыстағы маска сатылымда болуы мүмкін (видео)

"Халық көшеге тонауға шығуы мүмкін" (видео)

Сайт Әкімшілігі

"Халық көшеге тонауға шығуы мүмкін" (видео)

Коронавирустан қалай сақтану керек? (видео)

Сайт Әкімшілігі

Коронавирустан қалай сақтану керек? (видео)

Жұрт білетін «Жас Алаш» 100 жылдыққа қадам басты

Сайт Әкімшілігі

Жұрт білетін «Жас Алаш» 100 жылдыққа қадам басты

БІз кімге сенеміз?

Сайт Әкімшілігі

БІз кімге сенеміз?

«Ешкімге дауысымды бермеймін»

Сайт Әкімшілігі

«Ешкімге дауысымды бермеймін»

Біз қожайын болудан қалыппыз

Сайт Әкімшілігі

Біз қожайын болудан қалыппыз

Тұрарбек мырзаға хат: Үндемеші, жарқыным

Сайт Әкімшілігі

Тұрарбек мырзаға хат: Үндемеші, жарқыным