«Bek Air» ұшақтары 10 қаңтарға дейін ұшпайды

Мадияр Жалғасұлы - 28.12.20191452

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі  «Bek Air» авиакомпаниясының пайдаланушы және ұшу жарамдылығы сертификатын қолдануын тоқатты. Яғни 2020 жылдың 10 қаңтарына дейін «Bek Air» ұшақатры ұшпайды. Бұл туралы «Жас АЛАШ» Қазақстан азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Комитеттің хабарлауынша апатқа ұшыраған Fokker-100 1996 жылыдың сәуір айында шығарылған. Яғни пайдалануда 23 жыл болған.

«Қазақстандық регистрда 2016 жылғы 26 тамызда тіркелді (куәлік нөмірі 940). Bek Air әуекомпаниясында барлығы 10 ұшақ бар. Қазіргі уақытта Қазақстанның авиациялық әкімшілігі Bek Air әуе компаниясының пайдаланушы және ұшу жарамдылығы сертификаттарының қолданылуын тоқтатты. Bek Air компаниясының пайдаланушы сертификаты ұшу қауіпсіздігі бойынша барлық мәселелер толық шешілгенге дейінгі мерзімге тоқтатылды», - делінген хабарламада.

Бүгін астанада Орталық коммуникациялар қызметінде Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік КАМАЛИЕВ Fokker-100 ұшағының апатқа ұшыра себебі 2020 жылдың 10 қаңтарына дейін анықталатынын айтты. Апатқа ұшыраған ұшақ соңғы рет 25 желтоқсан күні Атырау-Алматы бағытында рейс жасаған екен. Сондай-ақ, вице-министр «Қазақстан құқықтық мемлекет сондықтан да біз «Bek Air» компаниясының жұмысын мүлдем тоқтата алмаймыз. Fokker-100 ұшағын ұшуды тоқтаттық. Ал қалған мәселені құрылтайшылар шешеді», - деді.

Фото: aviav.ru


Мақала авторы:

Мадияр Жалғасұлы

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.