«Ұшақ апаты экипаж қателігінен болуы мүмкін»

Мадияр Жалғасұлы - 30.12.20192207

Ішкі істер министрі Ерлан ТҰРҒЫНБАЕВ Bek Air ұшағының апатына қатысты пікір білдірді. Министрдің айтуынша, қар мен күннің суық болғандығынан от тұтанбады. Ал апат кезінде бактағы жанармай төгілген екен.

«Қазіргі ұшақ апатына қатысты тергеу жүріп жатыр. Тергеу жұмыстарына байланысты үш нұсқамыз бар. Біріншісі – ұшақ экипажының қателігі. Екінші – ұшақтағы техникалық ақау. Үшінші – әуежайдың навигациялық қызметінің қателігі. Бүгінде 5-6 техникалық сараптама жасалып жатыр. Ұшақты жасаған зауыттан мамандар келді. Олар біздің сарапшылармен бірлесіп жұмыс істеп жатыр. Сараптамалар біткеннен кейін нәтижесін айтамыз», - деді министр Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне.

 Bek Air авикомпаниясының ұшағы 27 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан қаласына ұшуы керек еді. Алайда әуеге көтілмей жатып, Алматы облысындағы Гүлдала ауылына құлады. Ұшақта 95 жолаушы және 5 экипаж мүшесі болған еді. 12 адам қаза тауып, 49 адам ауруханаға түсті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ 28 желтоқсанды жалпыхалықтық аза тұту күні деп жариялады.

Фото: turantimes.kz


Мақала авторы:

Мадияр Жалғасұлы

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.