«Bek Air» компаниясы апатқа қатысты мәлімдеме жасады

Есдәулет Қызырбекұлы - 30.12.20192816

«Bek Air» компаниясының өкілдері әуе апатына қатысты мәлімдеме жасады. Бұл жөнінде «Hola news» басылымы хабарлады.

Компания басшысы Нұрлан Жұмасұлтановтың сөзінше, ұшақ тұрғын үйге соғылмағанда адамдардың барлығы аман қалар еді.

«Егер ол үйге соғылмағанда бүтін болар еді. Мен әуежай қызметінің жазбаларын көрдім. Онда ұшақ үйге соғылғанға дейін қирамаған. Егер үйлер болмағанда барлығы аман қалар еді. Ол қорғанды бұзып өтіп, сол жағымен үйге соғылған. Осыдан кейін алдыңғы бөлігі үйдің бір жағына, артқы бөлігі басқа бір жағында қалған», - деді Жұмасұлтанов.

Бұдан бөлек, ол 2016 жылы «Bek Air» ұшағымен болған жағдайға байланысты пікір білдірді. Оның айтуынша, ұшақ қозғалтқыш немесе шассиі істен шықса да қонуға негізделіп, жасалған. Бірақ ол ғимаратқа соғылуға негізделмеген.

«Иә, ол жолақта қалды. Барлығы аман-есен болды. Осы үшін біздің ұшқышымыз «Халық Хаһарманы» атағын алды. Ұшақ қозғалтқыш немесе шассиі істен шықса да қонуға незілделген. Бірақ ол ғимаратқа соғылуға арналып жасалған жоқ», - деді компания басшысы.

«Bek Air» компаниясы ұшақ соқтығысқан үй иесіне оның құжаттары дұрыс болған жағдайда ғана өтемақы төлейтіндіктерін мәлімдеді.

«Егер құжаттары дұрыс болмаса бұл компанияның емес, үй салуға рұқсат бергендердің ісі», - дейді компания өкілдері.

Естеріңізге салайық, желтоқсан айының 27-і күні таңертең «Bek Air» компаниясына тиесілі «Fokker – 100» ұшағы апатқа ұшырап, 12 адам көз жұмған. Ұшақ бортында 93 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған. Олар Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған. Осыдан кейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28-ші желтоқсанды аза тұту күні деп жариялаған.

Фото: Әлеуметтік желіден.

Мақала авторы:

Есдәулет Қызырбекұлы

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.