«Әкім балалар алаңқайын заңсыз алып алған»

Арай Сатыбалдықызы - 31.12.20191424

Қарағандыда "Зира" мейрамханасы төңірегінде дау толастамай тұр. Бұған дейін өңірдегі «Жас АЛАШ» тілшісі кәсіпкер Әсел МАЙЖАҚАНОВАНЫҢ президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТАН көмек сұрағанын хабарлаған еді.

Қоғам белсендісі Галина ПАК «Зира» мейрамханасының қожайыны қалалық балалар алаңқайына тиесілі жерді қайтарғысы келмей түрлі амалға көшті деп отыр. Галина қарағандылық балғындарға арналып жасалған "Сказка " балалар алаңқайының "ұлтарақтай" жерін кәсіпкерден қорғап келеді. Ол бірнеше жылдан бері балалар алаңқайының жанындағы "Зира" мейрамханасының қожайынымен осы жер үшін соттасып келе жатыр. Айтуынша мейрамхананың қожайыны Октябрь ауданының бұрынғы әкімі Әлімжан ҚАНАЕВ заңды белшесінен бұза отырып, балалар алаңқайына тиесілі жер бөлігін өзіне қосып алып мұнда жазғы дәмхананы салған. Бейресми деректер негізінше Әлімжан Қанаев аудан әкімі болған кезде мейрамхана оның бұрынғы жұбайының атында болған. Зейнеткер Галина Пак әуелгіде даудың басы «мейрамхана қожайынынан алаңқайға балаларға доп сатып алу үшін демеушілік етуін өтінгенімізден  шықты» дейді. Айтуынша сол кезде Әлімжан Қанаев «жерді бермесеңдер демеушілік етпеймін» деп мәлімдеген. Кейін бұрынғы әкімге сол кездегі қала билігі жерді сатып жіберген.

«2005 жылдан бастап,  осы жер үшін күресіп келемін. Сол жылдары Қарағанды әкімшілігі бұл жерді кәсіпкерге сатып жіберген. Бұл жер тіпті сол маңда тұратын тұрғындардың үйлеріне тиесілі аумақтың жері. Соттасып келе жатқанымызға бірнеше жыл болды. Аудандық, облыстық сот жер қайтарылсын деп шешім шығарған. Бірақ тағы Әлімжан Қанаевтан мейрамхананы сатып алған кәсіпкер Майжақанова аппеляцияға шағымданудан  шаршар  емес. Қазір облыстық сот өтіп жатыр. Тіпті ол өз өзіме қол жұмсаймын деп қорқытып үркітуден тайынар емес. Түрлі әрекетке көшкен. Ал сол жерді заңсыз алған Әлімжан Қанаевтың әкесі елімізге танымал ірі шенді шенеуніктің бірі Серікжан Қанаев. Бұлда заңды белшесінен басуға әсер еткен болар»,- деп мәлімдеді Жас Алаш сайтына сұхбат берген қоғам белсендісі Галина Пак.

Ал қала билігі «кәсіпкерлігіме кесірін тигізіп жеріме таласып отыр»  деген мейрамхана иесі Әсел Майжаканова соңғы үмітім қалғанша сотқа шағымдануды тоқтатпаймын деп бекініп отыр.

Фотоны автор ұсынды.

Мақала авторы:

Арай Сатыбалдықызы

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.