Қоғам қайраткері Серікболсын Әбділдин өмірден өтті

Сайт Әкімшілігі - 01.01.20205615

Саясаткер Серікболсын Әбділдин өмірден өтті. Бұл жөнінде белгілі журналист Ермұрат Бапи «Facebook» парақшасында жазды.

«Қазақстан демократиялық қозғалысының пайғамбары Серікболсын аға (Әбділдин) өмірден өтті деген суық хабар келді... Билікке иілмей өткен қайсар, қайтпас адам еді... Қазақстанның тәуелсіздігін Назарбаевтан бұрын жария етіп, "Қазақстанның тәуелсіздік декларациясына" қол қойған тарихи тұлға еді...
Қош бол, асыл аға!», - деп жазды Бапи.

Қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы, профессоры Серікболсын Әбділдаұлы Әбділдин 1937 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Қызылжұлдыз ауылында дүниеге келген. 1982 – 1985 ж. Қазақ КСР Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары, 1985 жылы АӨК-ні басқару жөніндегі Республикалық Жоғары мектеп ректоры, 1986 – 1987 жылы Қазақстан Ауыл шаруашылығы министрі, 1990-1995 жылы Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің Төрағасы қызметтерін атқарды. 1995 жылдан бастап өмірінің соңына дейін оппозиция құрамында болған. 

Фото: Әлеуметтік желіден.

Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.