Владимир Ким бір жылда 1,4 млрд доллар табыс тапты

Асмира Ермекқызы - 06.01.20203280

Forbes Kazakhstan журналы 2019 жылдың қортындысы бойынша жылдың үздік кәсіпкерін жариялады. Ол – миллиардер Владимир КИМ.

Журнал «жыл кәсіпкерін» алты жылдан бері жариялап келе жатыр. Олардың қатарында экс-президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ жақын серігі Болат ӨТЕМҰРАТОВ және күйеу баласы Тимур ҚҰЛЫБАЕВ болған. 

58 жастағы кәсіпкерге 2019 жыл аса табысты болыпты. Оны байлығы бір жылдың ішінде 1,4 млрд долларға артқан. 2018 жылы дәулеті 1 млрд долларға көбейген еді. Былтырғы жылдың көктемінде ресейлік олигарх Роман АБРАМОВИЧТЕН 900 млн долларға Чукоткадағы мыс кен орнын сатып алған. Владимир Ким үш жылдан бері қазақстандық байлардың көш басында тұр.

Фото: biznesbastau.kz

Мақала авторы:

Асмира Ермекқызы

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.