2020 жылы оралмандарды қабылдауға қанша квота бөлінгені белгілі болды

Есдәулет Қызырбекұлы - 06.01.20201831

2020 жылы оралмандарды қабылдауға қанша квота бөлінгені белгілі болды.

ҚР Үкіметінің қаулысы бойынша, 2020 жылы қандастарды қабылдауға арналған аймақтық квота 1378 адамға, ал қоныс аударушыларға арналған аймақтық квота 4750 адамға бөлінген. Бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда екі есеге аз.

Атап айтқанда, 2019 жылы оралмандарды қабылдауға араналған аймақтық квота 2103 адамға берілсе, қоныс аударушыларға арналған аймақтық квота 7771 адамға бөлінген.

Үкімет қаулысы бойынша, оралмандар  мен қоныс аударушыларды қабылдайтын 7 өңір айқындалған. Олардың ішінде Ақмола, Атырау, Павлодар, Қостанай, Шығыс, Батыс, және Солтүстік Қазақстан облыстары бар.

Еңбек және халықты әдеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2018 жылы Қазақстанға 7162 отбасы немесе 11617 этникалық қазақ қоныс аударған. Олардың 47, 9 пайызы Өзбекстаннан, 40,4 пайызы Қытайдан, 3,8 пайызы Моңғолиядан, 2,9 пайызы Түркіменстаннан, 1,3 пайызы Ресейден, 3,7 пайызы өзге шетелдерден көшіп келген.

Көшіп келгендердің 63,9 пайызы еңбекке қабілетті адамдар. 18 жасқа дейінгі балалардың үлесі – 63,9 пайыз. 9,2 пайызын зейнеткерлер құрайды.

Еңбекке қабілетті оралмандардың 15 пайызы жоғары білімді. 26 пайызының арнайы орта білімі бар. Жалпы орта білімі бар жандардың үлесі – 53 пайыз. Қалған 6 пайызының білімі жоқ.

2019 жылдың қыркүйек айына дейінгі статистика бойынша, 10,7 этникалық қазақ азаматтық алған. Олардың 48,5 пайызы Өзбекстаннан, 36 пайызы Қытайдан, 6,2 пайызы Моңғолиядан, 5,4 пайызы Түркіменстаннан, 1,1 пайызы Ресейден көшіп келген.

Көшіп келушілердің басым көпшілігі Ақмола, Маңғыстау, Жамбыл облыстары мен Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларына қоныстанған.

Жалпы, 1991 жылдан бері Қазақстанға 307,3 отбасы немесе 1,046 миллион этникалық қазақ көшіп келген.

Фото: Әлеуметтік желіден.

Мақала авторы:

Есдәулет Қызырбекұлы

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.