Сот Шораевтың арызын қанағаттандырмады

Алмас Нүсіп - 06.01.20203191

Алматы қаласының Жетісу аудандық соты  Арман Шораевтың адвокат Абзал Құспан мен журналист Сәуле Әбділдаханқызының үстінен жазған арызын қанағаттандырмады. 

Сот ҚР Әкімшілік Кодексінің 168, 279, 280, 268, 269 баптарына сүйене отырып, Арман Шораевтың 2019 жылдың 6 қазан күні «Facebook» әлеуметтік желісінде жарияланған материалға байланысты Абзал Құспан мен Сәуле Әбділдаханқызынан моралдық шығын талап еткен арызын қараусыз қалдырды.

Заң бойынша, айыптаушы тарап 10 күн ішінде Алматы қалалық сотына шағымдануға құқылы.

Естеріңізге салайық, бұған дейін Арман Шораев Абзал Құспан мен Сәуле Әбділдаханқызын өзін Ислам Әбішев ісіне араластырды деп айыптап, моральдық шығын ретінде 10 миллион теңге талап етіп, сотқа шағымданған. Оның бұндай қадамға баруына Сәуле Әбділдаханқызының «Facebook» парақшасында жарияланған жазба себеп болған.

Коллаж: Жас Алаш.

Мақала авторы:

Алмас Нүсіп

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.