Германиялық "Шальке-04" өзбек шабуылшысын сатып алмақ

Сайт Әкімшілігі - 08.01.20201308

Өзбекстандық футболшы Германияға 15 миллион еуроға ауысуы мүмкін. Бұл жөнінде GoSport.uz басылымы жазды.  

Басылым мәліметінше, Өзбекстан ұлттық құрамасы мен Ресейдің «Ростов» ФК шабуылшысы Эльдор Шомуродовты сатып алуға Германияның «Шальке-04» клубы қызығушылық танытқан. Клуб өкілдері «Ростовқа» шабуылшыны 15 миллион еуроға сатып алуға ұсыныс жасаған. Бірақ ресейлік ұжым әзірге жауап бермеген.

Эльдор Шомуродов «Ростовқа» 2017 жылы «Бунедкор» клубынан 300 мың еуроға ауысқан. 24 жастағы шабуылшы биылғы маусымда Ресей премьер-лигасында 19 ойын өткізіп, 10 гол соққан. Оның «Ростовпен» келісім шарты 2024 жылы аяқталады.

Фото: Газета.уз


Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.