«Атамұра» 1000 кітап сыйға берді

Сайт Әкімшілігі - 09.01.20202336

Ұлттық кітапхана қоры бірден 1000 кітапқа молайды. Қазақ руханиятының жанашыры, қолдаушысы «Атамұра» корпорациясы өз баспасынан жарық көрген кітаптарды оқырманның барынша қолжетімді деңгейде пайдалануына ұсынды. Қазақ ақын-жазушыларының әралуан тақырыптағы әдеби кітаптары,  анықтамалықтар, салт-дәстүрге қатысты еңбектер, балаларға арналған басылымдарды қамтыған бағалы әрі құнды кітаптар Ұлттық кітапханаға тегін сыйға берілді.

 Іс-шараға Қабдеш Жұмаділов, Дулат Исабеков, Мұрат Әуезов, Кәдірбек Сегізбаев,т,б танымал қаламгерлер, қайраткерлер, оқырмандар, кітапханашылар, зиялы қауым мен БАҚ  өкілдері қатысты. «Атамұра» корпорациясының президенті Рақымғали Абрарұлы Құл-Мұхаммед «Атамұраның» жетістіктерін, игі шараның мән-маңызын айта келіп, кітап сыйлаудағы негізгі мақсатына тоқталды. Сондай-ақ, алдағы уақытта да оқырман көңілінен шығатын кітаптарды көптеп шығаратынын жеткізді. Басқа да қаламгерлер бұл бастамаға қуана қолдау білдіріп, кітап шығару мен тарату саласындағы өзекті мәселелерді қозғап, өз ұсыныстарын айтты.

   «Атамұра» баспа корпорациясы оқулықтармен қатар энциклопедиялық және балаларға арналған басылымдар, анықтамалық, ғылыми және ғылыми-танымдық әдебиеттер, сөздіктер, көркем проза мен поэзия, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлерінің еңбектері мен полиграфиялық өнімнің барлық түрлерін шығарып таратады.                                       

    Бүгінге дейін «Атамұра» корпорациясы «Атырау», «Қарағанды», «Маңғыстау», «Ақмола», «Астана» сынды аймақтық энциклопедиялармен бірге белгілі қазақ ғалымдарының, және қоғам қайраткерлерінің еңбектерін сапалы шығаруы отандық кітап мәдениетінің ірі жетістігіне айналды. «Атамұра» кітапханасы» сериясымен 150-дан астам ақын-жазушылардың туындылары, сонымен қатар балалар әдебиетін қолдау, насихаттау мақсатында «Атамұра» мектеп кітапханасы» сериясымен бүлдіршіндерге арналған қазақ және орыс тілдеріндегі көркем безендірілген кітаптар, ертегілер, мектеп жасындағы балаларға арналған танымдық кітапшалар басылып шықты.        

    Корпорация ҚР Президентінің «Құрмет» дипломымен марапатталды. Парижде корпорацияға Өндіріске ықпал ету ассоциациясының (SРІ) алтын медалімен, Женевада Халықаралық Алтын жұлдызбен, Мальтада «Хрусталь рыцары» дипломымен, «Еліміздің үздік баспасы «Алтын жұлдызымен» марапатталды. Нью-Йорк (АҚШ) қаласында Халықаралық «Quality Summit» Платина сыйлығына ие болды. «Атамұра» корпорациясы ТМД елдері бойынша Мәскеу қаласында өткен кітап көрмелерінде бірнеше рет арнайы дипломдармен марапатталды.

Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Түркістан облысында коронавирустан қайтыс болған кім екені белгілі болды

Сайт Әкімшілігі

Түркістан облысында коронавирустан қайтыс болған кім екені белгілі болды

Оразада ауыз ашар беруге тыйым салынуы мүмкін

Сайт Әкімшілігі

Оразада ауыз ашар беруге тыйым салынуы мүмкін

Бас санитар дәрігер: Коронавирустан көз жұмғандардың сүйегі туыстарына берілмейді

Калибаев Нурсултан

Бас санитар дәрігер: Коронавирустан көз жұмғандардың сүйегі туыстарына берілмейді

Дәурен Абаев: COVID-19-ға қарсы адамдарда иммунитет жоқ

Сайт Әкімшілігі

Дәурен Абаев: COVID-19-ға қарсы адамдарда иммунитет жоқ

Орынбасар олқылығын түзепті

Сәтжан Қасымжанұлы

Орынбасар олқылығын түзепті

Уәлихан ҚАЛИЖАН, «Жас Алаш» ұлттың рухани ұстазы болды

Сайт Әкімшілігі

Уәлихан ҚАЛИЖАН, «Жас Алаш» ұлттың рухани ұстазы болды

Қазаққа күйік болған не?

Сайт Әкімшілігі

Қазаққа күйік болған не?

Коронавирус: қай ел қанша өтемақы төлейді?

Сайт Әкімшілігі

Коронавирус: қай ел қанша өтемақы төлейді?

Нұр-Сұлтанды "әскер" дизенфекциялап жатыр (видео)

Сайт Әкімшілігі

Нұр-Сұлтанды "әскер" дизенфекциялап жатыр (видео)

Дүрбелеңмен өтті ғой, Тоқаевтың көп күні

Сайт Әкімшілігі

Дүрбелеңмен өтті ғой, Тоқаевтың көп күні

Елімізде коронавирус жұқтырған тағы 7 адам тіркелді

Сайт Әкімшілігі

Елімізде коронавирус жұқтырған тағы 7 адам тіркелді

Дәурен Абаев: Адам шығыны болған жағдайда алгоритм жүйесімен жерленеді

Сайт Әкімшілігі

Дәурен Абаев: Адам шығыны болған жағдайда алгоритм жүйесімен жерленеді

Абайлаңыз, қоқыстағы маска сатылымда болуы мүмкін (видео)

Сайт Әкімшілігі

Абайлаңыз, қоқыстағы маска сатылымда болуы мүмкін (видео)

"Халық көшеге тонауға шығуы мүмкін" (видео)

Сайт Әкімшілігі

"Халық көшеге тонауға шығуы мүмкін" (видео)

Коронавирустан қалай сақтану керек? (видео)

Сайт Әкімшілігі

Коронавирустан қалай сақтану керек? (видео)

Жұрт білетін «Жас Алаш» 100 жылдыққа қадам басты

Сайт Әкімшілігі

Жұрт білетін «Жас Алаш» 100 жылдыққа қадам басты

БІз кімге сенеміз?

Сайт Әкімшілігі

БІз кімге сенеміз?

«Ешкімге дауысымды бермеймін»

Сайт Әкімшілігі

«Ешкімге дауысымды бермеймін»

Біз қожайын болудан қалыппыз

Сайт Әкімшілігі

Біз қожайын болудан қалыппыз

Тұрарбек мырзаға хат: Үндемеші, жарқыным

Сайт Әкімшілігі

Тұрарбек мырзаға хат: Үндемеші, жарқыным