Жымқырылған 500 млн теңге: Кім отставкаға кетеді?

Есдәулет Қызырбекұлы - 10.01.20202552

Солтүстік Қазақстан облысы қаржы басқармасы басшысының орынбасары аса ірі көлемде қаржы жымқыру ісі бойынша күдікке ілікті.

Облыстық жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар агенттігінің басшысы Ернар Баянғазиннің сөзінше, бюджеттен 500 миллион теңге жымқырылған.

«Қаржыға байланысты айтатын болсам, мәселе жарты миллиард теңге төңірегінде болуда. Қазір аталмыш қаржы бюджетке қайтарылды. Күдіктілердің аты-жөнін әзірге айта алмаймыз. Іс сотқа жіберілді», - деді Баянғазин.

Баянғазиннің айтуынша, егер күдіктілердің қылмысы дәлелденетін болса, онда басқарма басшылары 10 күн ішінде өз еркімен отставкаға кетуі керек.

Естеріңізге салайық, қараша айында президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзгертулер мен толықтырулар енгізілген «мемлекеттік қызметкерлер және жемқорлықпен күрес» жөніндегі заңға қол қойған. Жаңа заң бойынша, бұдан былай басшылық қызметте отырған шенді қарамағындағы адам жемқорлық бабымен ұсталып, істі болатын болса, автоматты түрде отставкаға кетуі тиіс.

Фото: Әлеуметтік желіден.

Мақала авторы:

Есдәулет Қызырбекұлы

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Коронавирус: қай ел қанша өтемақы төлейді?

Сайт Әкімшілігі

Коронавирус: қай ел қанша өтемақы төлейді?

Дүрбелеңмен өтті ғой, Тоқаевтың көп күні

Сайт Әкімшілігі

Дүрбелеңмен өтті ғой, Тоқаевтың көп күні

Елімізде коронавирус жұқтырған тағы 7 адам тіркелді

Сайт Әкімшілігі

Елімізде коронавирус жұқтырған тағы 7 адам тіркелді

Дәурен Абаев: Адам шығыны болған жағдайда алгоритм жүйесімен жерленеді

Сайт Әкімшілігі

Дәурен Абаев: Адам шығыны болған жағдайда алгоритм жүйесімен жерленеді

Абайлаңыз, қоқыстағы маска сатылымда болуы мүмкін (видео)

Сайт Әкімшілігі

Абайлаңыз, қоқыстағы маска сатылымда болуы мүмкін (видео)

Коронавирустан қалай сақтану керек? (видео)

Сайт Әкімшілігі

Коронавирустан қалай сақтану керек? (видео)

Жұрт білетін «Жас Алаш» 100 жылдыққа қадам басты

Сайт Әкімшілігі

Жұрт білетін «Жас Алаш» 100 жылдыққа қадам басты

БІз кімге сенеміз?

Сайт Әкімшілігі

БІз кімге сенеміз?

«Ешкімге дауысымды бермеймін»

Сайт Әкімшілігі

«Ешкімге дауысымды бермеймін»

Біз қожайын болудан қалыппыз

Сайт Әкімшілігі

Біз қожайын болудан қалыппыз

Тұрарбек мырзаға хат: Үндемеші, жарқыным

Сайт Әкімшілігі

Тұрарбек мырзаға хат: Үндемеші, жарқыным