Өзбекстан СІМ Қазақстан шекарасындағы бопсалауға қатысты мәлімдеме жасады

Сайт Әкімшілігі - 10.01.20204066

Өзбекстан сыртқы істер министрлігі Қазақстан шекарасындағы жемқорлық пен бопсалауға қатысты мәлімдеме жасады. 

«Қазақстан Республикасының «Тәжен» бекетінде белгісіз адамдар шекарадан өту үшін қаржы бопсалауда деген Өзбекстан азаматтарының арыздарына байланысты, Нұр-Сұлтандағы елшілік пен Ақтау қаласындағы бас консулдық Қазақстан тарапымен бірлесе отырып, барлық жағдайды анықтып, мәселені шешу үшін бірқатар дипломатиялық қадамдар жасап жатыр», - делінген Өзбекстан СІМ «Telegram» арнасында жарияланған мәлімдемеде.


Бұдан бөлек, СІМ Қазақстандағы Өзбекстан азаматтарына қажет болған жағдайда Нұр-Сұлтан қаласындағы елшілік пен Ақтаудағы бас конулдыққа кез келген уақытта жүгіне алатындықтарын жеткізді.

Фото: Әлеуметтік желіден.

Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.