Әкімнің отставкасы және ұлының төбелесі

Арай Сатыбалдықызы - 10.01.20206746

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданына қарасты Егіндібұлақ елдімекені әкімінің қызметтен кетуі төбелеспен аяқталды. Бұл туралы Жас АЛАШ сайтының Қарағанды өңіріндегі тілшісі хабарлайды.

Егіндібұлақ ауылдық округінің бұрынғы әкімі Меруерт МӘДИНЕКЕНОВАМЕН әкімдік қызметкері арасында былтыр келіспеушілік туындаған.Тіпті ауыл әкімі Меруерт Мәдикенова қарамағындағы қызметкерді тәртіптік жауапкершілікке тартқан. Кейін әдеп жөніндегі кеңестің шешімімен бұл  тәртіптік жазаның күші жойылған. Осы әкіммен "шекісіп" жүрген қызметкердің туысы ауылға келген телеарнаның біріне әкімнің қызметі жайында сұхбат берген. Ауыл әкімімен қызметкері арасындағы дау-дамай бұдан әрі өрши түседі. Осы жылдың 5 қаңтарында Егіндібұлақ ауылының әкімі Меруерт Мәдикенова өз еркімен жұмыстан кетуі жөнінде өтініш жазыпты. 6 қаңтардан бастап ол атқарып отырған лауазымынан босаған.  Осыдан бастап әкімнің ұлы «кек алу» жоспарын құрғанға ұқсайды. 6 қаңтарда түнде әкіммен келіспей жүрген қызметкердің туысы соққыға жығылған. Ресми органдардың алдын ала жариялаған мәліметі бойынша ауыл тұрғынын әкімінің ұлы сабап тастаған. Бейресми мәліметтер бойынша соққыға жығылған ауыл тұрғыны Қарағанды қаласындағы ауруханаға келіп емделіп жатыр. Облыс әкімінің баспасөз қызметі бұл жанжалды назарға алғандарын айтады.

«Қарағанды облысы әкімдігі аталған мәселеге қатысты бұрынғы әкімнің ұлының қатысы болуына аса наразы. Облыс әкімдігі тергеу шараларының әділ жүргізілуіне мүдделі. Істің тергеу барысы Қарағанды облысы полиция департаментінің бақылауында»,- деді Қарағанды облысы әкімінің баспасөз хатшысы Марина ШАПАВАЛОВА.

Фото: Әлеуметтік желіден.

Мақала авторы:

Арай Сатыбалдықызы

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Коронавирус: қай ел қанша өтемақы төлейді?

Сайт Әкімшілігі

Коронавирус: қай ел қанша өтемақы төлейді?

Дүрбелеңмен өтті ғой, Тоқаевтың көп күні

Сайт Әкімшілігі

Дүрбелеңмен өтті ғой, Тоқаевтың көп күні

Елімізде коронавирус жұқтырған тағы 7 адам тіркелді

Сайт Әкімшілігі

Елімізде коронавирус жұқтырған тағы 7 адам тіркелді

Дәурен Абаев: Адам шығыны болған жағдайда алгоритм жүйесімен жерленеді

Сайт Әкімшілігі

Дәурен Абаев: Адам шығыны болған жағдайда алгоритм жүйесімен жерленеді

Абайлаңыз, қоқыстағы маска сатылымда болуы мүмкін (видео)

Сайт Әкімшілігі

Абайлаңыз, қоқыстағы маска сатылымда болуы мүмкін (видео)

Коронавирустан қалай сақтану керек? (видео)

Сайт Әкімшілігі

Коронавирустан қалай сақтану керек? (видео)

Жұрт білетін «Жас Алаш» 100 жылдыққа қадам басты

Сайт Әкімшілігі

Жұрт білетін «Жас Алаш» 100 жылдыққа қадам басты

БІз кімге сенеміз?

Сайт Әкімшілігі

БІз кімге сенеміз?

«Ешкімге дауысымды бермеймін»

Сайт Әкімшілігі

«Ешкімге дауысымды бермеймін»

Біз қожайын болудан қалыппыз

Сайт Әкімшілігі

Біз қожайын болудан қалыппыз

Тұрарбек мырзаға хат: Үндемеші, жарқыным

Сайт Әкімшілігі

Тұрарбек мырзаға хат: Үндемеші, жарқыным