Ливияда қақтығысып жатқан екі тарап уақытша бітімге келді

Дерек көзі: www.azattyq.org - 12.01.2020139

12 қаңтарда Ливияда билік әскері мен генерал Халифа Хафтар жасағы уақытша бітім жасасты. Бірақ бірнеше сағаттан соң екі тарап бір-бірін бітім шартын бұзды деп айыптады.

Триполиде отырған Ұлттық келісім үкіметінің жетекшісі Фаиз Сарадж бен Тобрукте уақытша үкімет жариялап алған Абдалла Абдуррахман ат-Тани арасында азаматтық соғыс жүріп жатыр. Абдалла Абдуррахман ат-Таниді генерал Хафтар қолдайды.

Уақытша бітімге келуді 12 қаңтарда Ресей президенті Владимир Путин мен Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған ұсынған. Халифа Хафтар басында бітім шартын қабылдамай, кейінірек келісті.

Бұған дейін Ердоған Хафтар әскеріне Ресейден келген екі мыңға жуық жалдамалы ресейлік солдат бар деп мәлімдеген. Мәскеу мұны жоққа шығарады.

Мақала авторы:

www.azattyq.org

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.