Путин: "Ливияда соғысып жүрген ресейліктер Ресейден ақша алмайды"

Дерек көзі: www.azattyq.org - 13.01.2020203

Ресей президенті Владимир Путин Мәскеудің Ливиядағы әскери қақтығысқа араласқанын жоққа шығарады. Путин 11 қаңтарда Германия канцлері Ангела Меркельмен Мәскеуде бірлескен баспасөз конференциясын өткізгенде "Ливияда Ресейдің жалдамалы әскери жасақтары бар ма?" деген журналист сұрағына жауап берген.

«Егер, онда Ресей азаматтары болған күннің өзінде де олар Ресей мемлекетінің мүддесін білдірмейді және Ресейден ақша алмайды, - деп мәлімдеген.

2011 жылы Муаммар Каддафи биліктен құлатылып, өлтірілген соң басталған Ливиядағы азамат соғысына Ресей ресми түрде қатыспайды.

Ливияда екі қарсылас күш бар. Біріншісі - Триполидегі халықаралық деңгейде мойындалған ұлттық келісім үкіметі, екіншісі - Халифа Хафтар бастаған, өзін өзі жариялаған ұлт азаттық әскері.

БҰҰ сарапшылары мен шетел дипломаттары соңғы бірнеше айда Ресей жалдамалылары Хафтар әскерімен бірге әрекет етіп жүр деп санайды. Хафтар армиясын Иордания мен Египет қолдайды және оған Біріккен Араб әмірліктері де әуеден қолдау көрсетеді.

НАТО мүшесі Түркия Триполидегі ұлттық келісім үкіметін қолдайды.

Ливияда 12 қаңтарда үкімет әскері мен генерал Халиф Хафтар әскері арасында бітім жарияланған. Алайда бірер сағаттан соң - ақ бұзылып, екі тарап бірін бірі айыптауға кіріскен.

Мақала авторы:

www.azattyq.org

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.