Жемқорлық: Туристтік ақпарат орталығының басшысы сотталды

Сайт Әкімшілігі - 13.01.2020963

«Шығыс Қазақстан облысының туристік ақпараттық орталығы» КММ басшысы С.Рамазанов сотталды. Бұл туралы «Жас АЛАШ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Агенттіктің хабарлауынша, Шығыс Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі «ШҚО туристік ақпараттық орталығы» КММ басшысы С.Рамазанов пен бас есепшісі Г.Ислямоваға қатысты тергеу амалдарын аяқтаған.

Олар жанар-жағармай талондарын есептен шығару және азаматтарды жұмысқа орналастыру жолы арқылы ірі көлемде бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінген еді.

«2019 жылдың 10 қаңтарында Өскемен қалалық № 2 сотының үкімімен Рамазанов және Ислямова ірі мөлшерде бюджет қаражатын ұрлағаны үшін айыпты деп танылды. С.Рамазановқа 2 жыл, Г.Ислямоваға 1 жыл 6 ай бас бостандығынан айрылды. Сотталғандар өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымды қызмет иелене алмайды»,  - делінген деп мәлімдеді агенттік.

Фото: yandex.kz

           

Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.