Мұғалім 11 жылға сотталды

Арай Сатыбалдықызы - 13.01.20205157

Қарағандыда оқушыларға білім беріп жүріп, істі болған ұстазға қатысты сот үкімі шықты. Есірткі сатумен айналысқан мұғалім 11 жылға бас бостандығынан айрылды. Бұл туралы «Жас АЛАШ» сайтының Қарағанды өңірлік тілшісі хабарлайды.

Тірек қимыл аппаратында ақауы бар балаларға арналған мектеп интернаттың дефектолог мұғалімі есірткі сатумен айналысқан. Тергеу мәліметтері бойынша мұғалім күндіз балаларды оқытса,түнде  Телеграм әлеуметтік желісі арқылы есірткіні сатып алып, оны басқа біреулерге сатқан. Қаланың әр аумағындағы жерлерге сататын  есірткілік өнімдерді жасырып қойып отырған. Есірткіге тәуелді болған "клиенттер" оған QIWI  әмиян арқылы ақша аударған. Мұғалім бұндай әрекетке 2018 жылдың қарашасынан бастаған. 23 жастағы ұстаз былтырғы жылы наурызда ұмьалған. Сотта мұғалімнің  айыбы толық дәлелденген.

«Айыпталушыны кінәлі деп тауып, қоғамға үлкен қауіп келтіргені үшін 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасы берілсін», - деді үкімінде судья Қайрат ҚАСЫМОВ.

Фото: sputniknews.kz

Мақала авторы:

Арай Сатыбалдықызы

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.