Күмәнді сот шешімі: "Судья істі бір жақты қараған"

Есдәулет Қызырбекұлы - 13.01.20201786

Алты жылдық істен кейін сегіз жылға сотталған Салтанат Құсманқызының туыстары мен адвокаты әділдік іздейді.

Бүгін Алматы қаласындағы «Атажұрт еріктілері» ұйымының офисінде адвокат Айман ОМАРОВА, азаматтық белсенділер Қайрат БАЙТОЛЛА мен Ербол ДӘУЛЕТБЕК және Салтанат ҚҰСМАНҚЫЗЫНЫҢ апайы Бағдат ҚҰСМАНҚЫЗЫНЫҢ қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті. Онда қатысушылар 8 жылға сотталған Салтанат Құсманқызының ісі әділетсіз қаралғандығын айтты.

Айман Омарованың сөзінше, істі қараған Бостандық аудандық соты істі бір жақты қараған. Себебі Құсманқызының қылмысы дәлелденбеген. Судья Құдабаев адвокаттардың уәжі мен дәлелдерін қарамаған да.

«Құсманқызы Салтанат ҚР Қылмыстық Кодексінің 189 бабының 4 тармағы және 419 баптың 2 тармақтары бойынша 8 жылға сотталған. Оған кілт жасау арқылы үйден қаржы ұрлады деген айып тағылған. Ол қаржы Қытай компаниясына ма, жоқ әлде Қытай азаматы Чан ВЕЙГЕ тиесілі ме, ол жағы безге белгісіз. Біз бұл істе мына дүниелермен келіспейміз, Біріншіден: Бұл қаржы бюджеттің емес, қайдағы бір жеке компаниянікі. Оның үстіне Салтанат Құсманқызы қант диабетімен ауырады. Сот бұның ешқайссына қарамаған. Ешқандай дәлел жоқ. Куәгерлердің барлығы әртүрлі түсініктеме берген. Қылмыстық іс барысында екі адвокат жұмыс істеген. Бірақ сот олардың талап, тілектерін мүлде қарамаған. Бостандық аудандық сотының судьясы Құдабаев істі бір жақты қараған», - дейді адвокат.

Бұдан бөлек Айман Омарованың айтуынша, сотта Құсманқызы істеген компанияда (Асай компаниясында – ред) қара бухгалтерия жұмыс істегендігі дәлелденген. Қылмыстық іс қозғалған уақытта компания иесі Асқар ЖАКУЛИН ауырып жатқан. Ал әйелі Чан Вей оның атынан құжаттар дайындап, жұмыс істеген. Кейбір құжаттарға жалған қол қойған.

Бағдат Құсманқызының сөзінше, сот олар ұсынған құжаттардың барлығын қараусыз қалдырған. Оның үстіне Чан Вей күйеуі Асқар Жакулин қайтыс болғанан кейін алты ай өтпай жатып Салтанат Құсманқызының үстінен арыз жазған. Заң бойынша оның бұлай істеуге құқығы жоқ.

«Заң бойынша компания директоры қайтыс болғанан кейін алты айға дейін Чан Вей директор бола алмайды. Жакулин ақпан айының 2-і күні қайтыс болды. Бұл (Чан Вей – ред) барып, наурыздың 16-ы күні мен директормын деп, Салтанаттың үстінен арыз жазды. Оның ондай құқы жоқ. Ол кезде ол директор емес. Чан Вей алты айдан кейін екінші бұйырық шығарған.Ол не үшін екі бұйырық шығарды? Себебі алдынғы бұйырық өтірік. Осының барлығын біздің тергеушілер қабылдап отыр. Сонда тергеушілер заң білмейтін болып тұр ғой», - деді Бағдат Құсманқызы.

Салтанат Құсманқызының үстінен қылмыстық іс 6 жыл бұрын басталған. Оған 2014 жылы «Асай» компаниясына тиесілі 430 мың доллар қаржыны ұрлады» деген айып тағылған. Ол 2019 жылдың шілде айында кінәлі деп танылып, 8 жылға сотталған.

Фото автордікі.

Мақала авторы:

Есдәулет Қызырбекұлы

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.