Алматы соты Жанар Ахметті экстрадицияламауды талап еткен белсенділерді қамады

Дерек көзі: www.azattyq.org - 13.01.2020277

Алматының әкімшілік соты Украинадағы қазақстандық блогер, «Қазақстанның демократиялық таңдауы» қозғалысының лидері Мұхтар Әблязовтің жақтасы Жанар Ахметті кері экстрадициялауына қарсы акция өткізген төрт адамды 15 күнге қамады. Жанар Ахметтің экстрадициясын Қазақстан билігі талап етіп отыр.

Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот белсенділер Дархан Уалиевтің, Еркін Сабаншиевтің, Асхат Жексебаевтың және Руслан Иминахуновтың ісін сенбі, 11 қаңтарда қарап, сол күні шешім шығарған. Сот оларды «бейбіт митинг өткізу заңын бұзды» деп айыптаған. Сот тағы бірнеше белсендіге айыппұл салды.

Белсенділер сот кезінде өздеріне тағылған айыпты мойынадмады. Адвокат соттан белсенділердің әрекетінде әкімшілік құқық бұзушылық жоғын айтып, істі тоқтатуды сұраған.

Сот Ермек Козиевке 132 550 теңге (шамамен 350 доллар), Дәметкен Аспанияроваға 53 020 теңге (138 доллар), Сағидулла Ақаеваның зейнеткер екенін ескеріп, 37 мың теңге (98 доллар) айыппұл салған.

Жұма, 10 қаңтарда Польшадағы «Открытый диалог» құқық қорғау ұйымы мен украиналық құқық қорғаушылар тобы Жанар Ахметті қолдап, мәлімдеме жариялаған. Құқық қорғаушылар мәлімдемесінде Жанар Ахметтің ісінде саяси астар барын, оны Қазақстанда әділетсіз сот пен қысым күтіп тұрғанын айтқан.

8 қаңтарда ондаған белсенді Алматыдағы Тәуелсіздік монументі алдына жиналып, Украина билігінен Жанар Ахметті Қазақстанға бермеуді сұрады. Олар «Жанар Ахметованың экстрадициясы – Қазақстан билігі жендеттерінің саяси тапсырысы», «Экстрадицияны тоқтатыңыздар!» деген плакаттар ұстап тұрды. Наразылардың сөзінше, 14 қаңтарда Киев соты Жанар Ахметті экстрадициялау мәселесін қарайды.

Украинада Жанар Ахметті экстрадициялау процесі 2017 жылы қазанда басталған. Қазақстан билігі оны қылмыстық істерге айыптап, халықаралық іздеу жариялаған соң оны Киевте қамауға алған. Сол жылы қарашада Киев соты Украина жоғарғы радасының депутаты Светлана Залещук кепіл болған соң Ахметті қамаудан босатқан. Процесс Ахметке саяси баспана беру мәселесі қаралғандықтан кейінге шегерілген.

Пробациялық бақылауда болып, Алматыда тұрып жатқан Жанар Ахмет 2017 жылы наурызда ұлымен Қазақстаннан Украинаға қашқан. Ол сол жақта саяси баспана сұраған. Ахмет «Қазақстанда саяси қудалауға тап болғандықтан Украинаға» қашқанын айтқан.

Украинадағы азаматтық бостандық орталығының дерегінше, Жанар Ахмет пен оның ұлы Украинадан саяси баспана ала алмай жүр. «Көп фактілерден Қазақстан билігі Жанар Ахметті журналистік және оппозициялық қызметі үшін қудалап жатқанын көрсетеді» деп санайды құқық қорғаушылар.

2018 жылы астаналық сот бас прокуратураның сұрауымен Нұр-Сұлтанның сынаушысы, 2009 жылдан бері шетелде тұрып жатқан Мұхтар Әблязов құрған «Қазақстанның демократиялық таңдауы» қозғалысын «экстремистік ұйым» деп танып, қызметіне тыйым салған. Әблязов сот шешімінің саяси астары бар деп онымен келіспейді. Еуропа парламенті 2019 жылы наурыздағы резолюциясында ҚДТ-ны «бейбіт оппозициялық қозғалыс» деп атаған.

Мақала авторы:

www.azattyq.org

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Алматыда блок-бекеттегі апаттан екінші полицей де қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Алматыда блок-бекеттегі апаттан екінші полицей де қайтыс болды

Алматы облысында блок-бекетте полиция қызметкері қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Алматы облысында блок-бекетте полиция қызметкері қайтыс болды

Ғалымдар пандемияның шамамен қашан аяқталатынын айтты

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар пандемияның шамамен қашан аяқталатынын айтты

Сардоба ісі: алғашқы күдіктілер ұсталды (видео)

Сайт Әкімшілігі

Сардоба ісі: алғашқы күдіктілер ұсталды (видео)

Қадір түні мешіттер жабық болады

Сайт Әкімшілігі

Қадір түні мешіттер жабық болады

Алматы: су басқан аймақтарға құтқару қызметі жұмылдырылды (видео)

Сайт Әкімшілігі

Алматы: су басқан аймақтарға құтқару қызметі жұмылдырылды (видео)

Арыстағы жарылыс: әскери шенділер сотталуда

Сайт Әкімшілігі

Арыстағы жарылыс: әскери шенділер сотталуда

Карантиндегі Рамазан айы қалай өтпек?!

Сайт Әкімшілігі

Карантиндегі Рамазан айы қалай өтпек?!

Жерді тауарға айналдырып, сатуға ешкім құқылы емес!

Сайт Әкімшілігі

Жерді тауарға айналдырып, сатуға ешкім құқылы емес!

Алматы облысында блок бекетте жеті баланың анасы жоғалды

Сайт Әкімшілігі

Алматы облысында блок бекетте жеті баланың анасы жоғалды

Доллар арзандай бастады

Сайт Әкімшілігі

Доллар арзандай бастады

Карантин кезінде қаржы алаяқтары пайда болды

Сайт Әкімшілігі

Карантин кезінде қаржы алаяқтары пайда болды

Коронавирустан "Абди Ибрахим Глобал Фарм" бас директоры көз жұмды

Сайт Әкімшілігі

Коронавирустан "Абди Ибрахим Глобал Фарм" бас директоры көз жұмды

Індеттен қайтыс болған науқас 18 наурыздан бері жансақтау бөлімінде жатқан

Сайт Әкімшілігі

Індеттен қайтыс болған науқас 18 наурыздан бері жансақтау бөлімінде жатқан

42 500 теңгені алуға берілген өтініштерді қарау кешіктіріледі

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені алуға берілген өтініштерді қарау кешіктіріледі

Тікұшақ тізгіндеген қыз

Сайт Әкімшілігі

Тікұшақ тізгіндеген қыз

Отанды емес, олжасын ойлапты

Сайт Әкімшілігі

Отанды емес, олжасын ойлапты

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?

Сайт Әкімшілігі

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?

Жұмысы бар азаматтар жеке кәсіпкерлік ашып, 42 500 теңге алуға тырысқан (видео)

Сайт Әкімшілігі

Жұмысы бар азаматтар жеке кәсіпкерлік ашып, 42 500 теңге алуға тырысқан (видео)

42 500 теңгені алуға арналған Help42500 боты іске қосылды

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені алуға арналған Help42500 боты іске қосылды