Қазақстанда ең төменгі жалақының 58,7 пайызы азық-түлікке жұмсалады

Сайт Әкімшілігі - 14.01.20201019

Қазақстанда ең төменгі жалақының 58,7 пайызы азық-түлікке жұмсалады.

Picodi.com зерттеуі бойынша, ең төменгі жалақы рейтингіне қатысқан 54 мемлекеттің ішінде Қазақстан ең соңғы орын алған. 2020 жылы ең төменгі жалақы өзгеріссіз қалған. Бірақ азаматтардың қолына тиетін жалақы мөлшері 1,1 пайызға азайған. Оған биылдан бастап қайта қосылған сақтандыру жарналары себеп.

Қазақстанда 2020 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы 42 500 теңге деп бекітілген. Зерттеуге сәйкес, 2020 жылғы ай сайынғы азық-түлік карзинасының құны 22 200 теңгені құраған (ең төменгі жалақының 58,7 пайызы). Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 6,15 пайызға көп.

Фото: Әлеуметтік желіден.

Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.