"Алматыметроқұрылыс" басшысының адвокаты: "Қылмыстық іс ойдан құрастырылған"

Дерек көзі: www.azattyq.org - 14.01.2020313

"Алаяқтық" бабы бойынша айыпталып, екі айға қамалған "Алматыметроқұрылыс" компаниясының басшысы Қайрат Реимовтің адвокаты 14 қаңтарда Алматыда жиын өткізіп, Реимовтің үстінен қылмыстық іс "заңсыз" қозғалғанын мәлімдеп, оны "ойдан құрастырылған іс" деп атады.

Адвокат Сәлімжан Мусиннің айтуынша, қылмыстық іске "ДК-Инвестмент" компаниясының (кәсіпкер Дінмаұхамет Идисовке тиесілі) Реимовті "қаржы қайтарудан жалтарып отыр" деп айыптап, полицияға шағым түсіруі түрткі болған.

Мусиннің айтуынша, "Алматыметроқұрылыс" компаниясының 80 пайыз акциясына ие "Инженерлік қолдау" құрылыс компаниясы мен "ДК-Инвестмент" арасында 2014 жылы құнды қағаздарды сату-сатып алу туралы келісім жасалған. Оған сәйкес, "Инженерлік қолдау" құрылыс компаниясы "ДК-Инвестмент" берген 1,6 миллиард теңгеге "Алматыметроқұрылыс" компаниясының 39 пайыз акциясын беруі тиіс болған.

Бірақ қорғау тарабының айтуынша, "Инженерлік қолдау" құрылыс компаниясы "Алматыметроқұрылыстың" 39 пайыз акциясын беруге тырысқанмен "ДК-Инвестментент" оны қабылдаудан бас тартып, "мәселені созып отыр". Мусиннің айтуынша, "Инженерлік қолдау" құрылыс компаниясы кәсіпкер Дінмұхамет Идрисовтен алған 1,5 миллиард теңге қарызын да қайтарған. Сондықтан қорғау тарабы Реимов "заңсыз қамауда отыр" және оны "қылмыстық жауапкершілікке тартуға негіз де жоқ" деп санайды.

14 қаңтарда Азаттық тілшісі Алматы қалалық полициясы мен "ДК-Инвестмент" компаниясына хабарласқанмен жауап ала алмады.

Адвокат Сәлімжан Мусиннің айтуынша, желтоқсан айында Реимовке байланысты тергеу амалдары мүлде жүрмеген, бірақ соған қарамастан тергеу органдары оны тағы үш айға қамауды сұратайын деп отыр.

Желтоқсан айының басында кепіл қойып, бостандыққа шығып, қайта қамалған Реимов өзінің үстінен қозғалған қылмыстық істі "тапсырыс" деп атап, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан мәселеге араласуын сұраған еді.

Былтыр көктем айларында Реимовтің үстінен "ақша жымқыру", "алаяқтық" фактілері бойынша екі қылмыстық іс қозғалған.

Forbes журналының бағалауынша, Қазақстанда ең ықпалды және ең дәулетті 50 кәсіпкердің бірі саналатын Дінмұхамет Идрисов бұған дейін бұл іске байланысты пікірін айтпаған.

Мақала авторы:

www.azattyq.org

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Алматыда блок-бекеттегі апаттан екінші полицей де қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Алматыда блок-бекеттегі апаттан екінші полицей де қайтыс болды

Алматы облысында блок-бекетте полиция қызметкері қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Алматы облысында блок-бекетте полиция қызметкері қайтыс болды

Ғалымдар пандемияның шамамен қашан аяқталатынын айтты

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар пандемияның шамамен қашан аяқталатынын айтты

Сардоба ісі: алғашқы күдіктілер ұсталды (видео)

Сайт Әкімшілігі

Сардоба ісі: алғашқы күдіктілер ұсталды (видео)

Қадір түні мешіттер жабық болады

Сайт Әкімшілігі

Қадір түні мешіттер жабық болады

Алматы: су басқан аймақтарға құтқару қызметі жұмылдырылды (видео)

Сайт Әкімшілігі

Алматы: су басқан аймақтарға құтқару қызметі жұмылдырылды (видео)

Арыстағы жарылыс: әскери шенділер сотталуда

Сайт Әкімшілігі

Арыстағы жарылыс: әскери шенділер сотталуда

Карантиндегі Рамазан айы қалай өтпек?!

Сайт Әкімшілігі

Карантиндегі Рамазан айы қалай өтпек?!

Жерді тауарға айналдырып, сатуға ешкім құқылы емес!

Сайт Әкімшілігі

Жерді тауарға айналдырып, сатуға ешкім құқылы емес!

Алматы облысында блок бекетте жеті баланың анасы жоғалды

Сайт Әкімшілігі

Алматы облысында блок бекетте жеті баланың анасы жоғалды

Доллар арзандай бастады

Сайт Әкімшілігі

Доллар арзандай бастады

Карантин кезінде қаржы алаяқтары пайда болды

Сайт Әкімшілігі

Карантин кезінде қаржы алаяқтары пайда болды

Коронавирустан "Абди Ибрахим Глобал Фарм" бас директоры көз жұмды

Сайт Әкімшілігі

Коронавирустан "Абди Ибрахим Глобал Фарм" бас директоры көз жұмды

Індеттен қайтыс болған науқас 18 наурыздан бері жансақтау бөлімінде жатқан

Сайт Әкімшілігі

Індеттен қайтыс болған науқас 18 наурыздан бері жансақтау бөлімінде жатқан

42 500 теңгені алуға берілген өтініштерді қарау кешіктіріледі

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені алуға берілген өтініштерді қарау кешіктіріледі

Тікұшақ тізгіндеген қыз

Сайт Әкімшілігі

Тікұшақ тізгіндеген қыз

Отанды емес, олжасын ойлапты

Сайт Әкімшілігі

Отанды емес, олжасын ойлапты

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?

Сайт Әкімшілігі

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?

Жұмысы бар азаматтар жеке кәсіпкерлік ашып, 42 500 теңге алуға тырысқан (видео)

Сайт Әкімшілігі

Жұмысы бар азаматтар жеке кәсіпкерлік ашып, 42 500 теңге алуға тырысқан (видео)

42 500 теңгені алуға арналған Help42500 боты іске қосылды

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені алуға арналған Help42500 боты іске қосылды