Алматыда автобус пен жеңіл көлік соғылып, үш адам зардап шекті

Дерек көзі: www.azattyq.org - 14.01.202092

14 қаңтарға қараған түні Алматы - Бішкек трассасында автобус жол апатына ұшырап, үш адам зардап шекті деп хабарлады облыстық полиция департаментіне сілтеме жасаған Tengrinews сайты. Департаменттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, автобус пен кроссовер соғылған. Алдын ала болжамға сәйкес, жүргізушілердің бірі көлікті басқара алмай, қарсы жаққа өтіп кеткен.

Апаттан зардап шеккен Жамбыл облысының үш тұрғыны Жамбыл облыстық ауруханасына жатқызылған. Олар кроссоверде отырған. Полиция дерегінше, автобуста жолаушылар болмаған. Полиция оқиға бойынша тергеу басталғанын хабарлады.

Ауа райын болжаушылар дүйсенбі күні бірқатар облыстарда тұман түсіп, жолдың тайғақ болатынын ескертті.

Еуродақ статистикасы бойынша, Қазақстан әлемдегі жол апаты ең көп болатын бес елдің қатарына кіреді. Көлік апаттарының негізгі себебі ретінде жол ережесін сақтамау және жол сапасының нашарлығы аталады.

Мақала авторы:

www.azattyq.org

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.