Киев соты босқын мәртебесін сұраған Жанар Ахметтің апелляциялық шағымын қарай бастады

Дерек көзі: www.azattyq.org - 14.01.2020327

14 қаңтарда Киев соты "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысының жетекшісі Мұхтар Әблязовтің жақтасы, қазақстандық блогер Жанар Ахметтің (Жанна Бота) апелляциялық шағымын қарайды. Бұған дейін Украинаның көші-қон қызметі блогер мен оның кәмелетке толмаған ұлына босқын мәртебесін беруден бас тартқан.

Украинаның сот органдарының хабарлауынша, Алтыншы апелляциялық әкімшілік сотта өтетін отырыс сейсенбі, 14 қаңтарда Нұр-Сұлтан уақытымен күндізгі сағат 14:20 (Киев уақыты бойынша 10:20-да) басталуы тиіс.

Бұған дейін Италия парламентінің бір топ депутаты Украина президенті Владимир Зеленскийге Жанар Ахметтің ісіне байланысты үндеу жолдап, Украина оны Қазақстанға қайтармайтын шығар деп үміт білдірген.

Ахметованың адвокаты Владислав Грищенко 13 қаңтарда Киевте өткен баспасөз мәслихаты кезінде қазіргі кезде Украинаның бас прокуратурасы Ахметке байланысты "тексеру жұмыстарын" жүргізіп жатқанын айтты.

"Жанар Ахметті саяси себеппен қудалап жатқаны дәлелденген және сот шешімінде де жазылған...Егер [көші-қон қызметінің] сот шешімі өзгеріссіз қалса, онда бас прокуратура оны Қазақстанға экстрадициялау туралы шешім шығарады, қарсы шағым түсіреміз және сот органдарымызда пікірлерімізді қорғаймыз" деді Грищенко дүйсенбі күні.

Адвокаттың айтуынша, 1957 жылы қабылданған Еуропа конвенциясына сәйкес, саяси себеппен қудаланған босқын мәртебесін сұрағандарды еліне қайтаруға болмайды. Бұл конвенцияны Украина да қабылдаған.

Алматыда тұрған және пробациялық бақылауда болған Жанна Ахмет 2017 жылы наурызда Украинаға кетіп қалып, сол елден саяси баспана сұраған. Ол Қазақстаннан "саяси себеппен қуғынға ұшырағандықтан" қашып кеткенін айтқан еді. Украинада жүріп ол әлеуметтік желілерде Қазақстан билігі туралы сыни жазбалар жариялаған.

Жанар Ахметті экстрадициялау мәселесін Украина 2017 жылы қазан айында қарай бастаған. Ол кезде Қазақстан Ахметті "қылмыс жасады" деп айыптап, халықаралық іздеу жариялаған. Бұдан кейін ол Киевте ұсталып, қамауға алынды. Қараша айында Украинаның жоғарғы радасының депутаты Светлана Залещук кепілдігімен бостандыққа шықты. Содан бері Ахмет Украинада босқын мәртебесін алуға күш салып келеді.

Қазақстаннан кеткенге дейін ол шартты түрде сотталып, пробациялық бақылауда болған. 2009 жылы Қазақстанда ол "Алаяқтық" бабы бойынша айыпталған. Ахмет бұл істі өзінің белсенділігімен байланыстырады.

Осыған дейін Украинада бір топ құқық қорғаушы Ахметті қолдап мәлімдеме жариялаған. Олар Ахметтің Қазақстанда саяси себеппен қуғындалып жатқанын, оны еліне қайтарған жағдайда азапталуы мүмкін екенін, әділетсіз сотталуы мүмкін екенін айтқан.

Бұған дейін Алматыда да бір топ белсенді Жанар Ахметті қолдау акциясын өткізіп, Украина билігін оны Қазақстанға экстрадициямаламауға шақырған. Бұл акцияға қатысқан кемінде төрт адам ізінше әкімшілік жазаға тартылды.

"Мені Қазақстанға тапсырса, түрмеге қамайтынын анық білем. 2009 жылдан бері түрме жазасын өтемеді деп емес, (биліктің көзқарасы бойынша) "экстремизммен айналысты" деп айыптайды" деді Жанар Ахмет Азаттықтың Украин қызметіне.

Жанар Ахметті "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысы жетекшілерінің бірі және "16/12" арнасының бас редакторы деп айтады. Қазақстан соты 2018 жылы наурызда қуғындағы бұрынғы банкир, оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязов құрған "Қазақстанның ҚДТ қозғалысын "экстремистік ұйым" деп танып, ел аумағында қызметіне тыйым салғалы бері ондаған адам ҚДТ-ға қатысы бар деген күдікке ілінген, кейбірінің үстінен қылмыстық іс қозғалып, жауапқа тартылған. Әблязов ҚДТ-ны "экстремистік" деп таныған сот шешімімен келіспейді және оның "саяси астары бар" деп санайды.

Еуропарламент 2019 жылғы резолюциясында "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысын "бейбіт оппозициялық қозғалыс" деп атаған.

Мақала авторы:

www.azattyq.org

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Алматыда блок-бекеттегі апаттан екінші полицей де қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Алматыда блок-бекеттегі апаттан екінші полицей де қайтыс болды

Алматы облысында блок-бекетте полиция қызметкері қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Алматы облысында блок-бекетте полиция қызметкері қайтыс болды

Ғалымдар пандемияның шамамен қашан аяқталатынын айтты

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар пандемияның шамамен қашан аяқталатынын айтты

Сардоба ісі: алғашқы күдіктілер ұсталды (видео)

Сайт Әкімшілігі

Сардоба ісі: алғашқы күдіктілер ұсталды (видео)

Қадір түні мешіттер жабық болады

Сайт Әкімшілігі

Қадір түні мешіттер жабық болады

Алматы: су басқан аймақтарға құтқару қызметі жұмылдырылды (видео)

Сайт Әкімшілігі

Алматы: су басқан аймақтарға құтқару қызметі жұмылдырылды (видео)

Арыстағы жарылыс: әскери шенділер сотталуда

Сайт Әкімшілігі

Арыстағы жарылыс: әскери шенділер сотталуда

Карантиндегі Рамазан айы қалай өтпек?!

Сайт Әкімшілігі

Карантиндегі Рамазан айы қалай өтпек?!

Жерді тауарға айналдырып, сатуға ешкім құқылы емес!

Сайт Әкімшілігі

Жерді тауарға айналдырып, сатуға ешкім құқылы емес!

Алматы облысында блок бекетте жеті баланың анасы жоғалды

Сайт Әкімшілігі

Алматы облысында блок бекетте жеті баланың анасы жоғалды

Доллар арзандай бастады

Сайт Әкімшілігі

Доллар арзандай бастады

Карантин кезінде қаржы алаяқтары пайда болды

Сайт Әкімшілігі

Карантин кезінде қаржы алаяқтары пайда болды

Коронавирустан "Абди Ибрахим Глобал Фарм" бас директоры көз жұмды

Сайт Әкімшілігі

Коронавирустан "Абди Ибрахим Глобал Фарм" бас директоры көз жұмды

Індеттен қайтыс болған науқас 18 наурыздан бері жансақтау бөлімінде жатқан

Сайт Әкімшілігі

Індеттен қайтыс болған науқас 18 наурыздан бері жансақтау бөлімінде жатқан

42 500 теңгені алуға берілген өтініштерді қарау кешіктіріледі

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені алуға берілген өтініштерді қарау кешіктіріледі

Тікұшақ тізгіндеген қыз

Сайт Әкімшілігі

Тікұшақ тізгіндеген қыз

Отанды емес, олжасын ойлапты

Сайт Әкімшілігі

Отанды емес, олжасын ойлапты

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?

Сайт Әкімшілігі

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?

Жұмысы бар азаматтар жеке кәсіпкерлік ашып, 42 500 теңге алуға тырысқан (видео)

Сайт Әкімшілігі

Жұмысы бар азаматтар жеке кәсіпкерлік ашып, 42 500 теңге алуға тырысқан (видео)

42 500 теңгені алуға арналған Help42500 боты іске қосылды

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені алуға арналған Help42500 боты іске қосылды