СӨЗ – БӨГДЕ БІРЕУДІҢ ӨЛГЕН ОЙЛАРЫНЫҢ ЖЕМІСІ

Сайт Әкімшілігі - 15.01.20204034

Австриялық Петер Хандке Грац университетінің заң факультетін тәмамдағаннан кейін Отанынан алыстап, Батыс Германияға қоныс аударды. Заманауи неміс өркениетіне белгілі жазушыны бәрі зиялылардың соғыстан соң өзгеріске ұшыраған мақсат-мүдделеріне жіті көзбен қарайтын индикаторға балады.

Есімі тұңғыш рет 1966 жылы театр репертуарындағы спектакльдерді егжей-тегжейлі талдайтын бұқаралық ақпарат құралдарында аталды. Екі жыл уақыт ішінде пьесалары жалпақ жұртқа танылып, жазуды жанына серік еткендердің арасындағы шоқтығы биік драматургке айналды.

1950-60 жылдары герман прозасы Батыста көш бастап тұрды. Үшінші рейхтің тас-талқаны шыққан мәдениетін ұлтшылдық пен нәсілшілдікті, шовинистік пен әскери идеологияны сынап-мінейтін гуманистік әдебиет қарқынды дамытты. Әлемге қасірет сыйлаған нацизмге өкпелегендердің саны сәт сайын артты.

1947 жылы Г.Белль, Г.Грасс, В.Шнурре сынды жазушылар бірігіп, «47» әдеби бірлестігін құрды. Алайда адамның құндылықтары мен рухани байлығын көкке көтеретіндердің өзі зұлматтың қайдан басталғанын анықтай алмады. Нәтижесінде Еуропа мен Германия кезекпе-кезек қирады. Бұл хабар философтар арқылы шартарапты шарлады. Франкфурт мектебінің ойшылы Т.Адорно Гитлердің бүкіл Батыс мәдениетінің және екі мың жылдық тарихы бар еуропалық интеллигенцияның түбіне жетіп, адамзатқа залалын тигізген шешімін өшпейтін, қозғалмайтын нүктеге теңеді һәм апаттың орнын қалпына келтірудің мағынасыз екенін, зиян әкелетінін айтты. Франкфурт мектебі оқымыстыларының идеяларын саясатқа соңынан қосылғандар рұқсатсыз пайдаланып, ереуіл кезінде Еуропаны дүр сілкіндірді. Осы тұста Хандкенің жеке пікірі қалыптасты. Жастар әлемді ашық айқастан құтқара алмай, қанды қырғынға ерік берген әкелеріне «революция» жариялады. Елде ақты ақ, оңды оң, терісті теріс дейтін авангардтар пайда болды. Хандкенің серіктестері «47» топ жазушыларының келешегіне күмәнмен қарап, қаламгердің жасанды әдеби тілмен шындықты жеткізе алмайтынын тілге тиек етті.

Хандкенің тазалығы, жанкештілігі, қайсарлығы өмірдегі қайғы-мұңмен, тауқыметпен, сынмен күресті. Оның пікірінше, әлемнің шынайы бет-бейнесі жазушылар қағазға түсірген ғаламға, қолдан жасалған тұжырымдамаларға, ескі қағидаларға мүлде ұқсамайды. Қолына қалам ұстаған жан дайын тұрған дүниеге қол созбауы керек. Ең бастысы, оқиғаларды және кейіпкерлердің ойы мен іс-әрекетін бір арнаға тоғыстырып, еркін көсілуі шарт. Бұл – батыл қадам, түрлі әдеби эксперименттердің негізі.

...Ол ғұмырдың дайын түсініктемелерін жоққа шығарды. Тосын сыйы мен қасіреті қатар жүретін беймәлім ғаламға енуге құмартты. Сөздерге сенбеді.

Сөйлемдер заттардың тек сыртқы пішінін ғана өрмекші секілді тоқып шығады. Ал бізді қоршаған ортадағы кез келген нәрсенің кеңістіктегі жай-күйін сөз тіркестері арқылы кескіндеу, әрине, қиын. Сөз – бөгде біреудің өлген ойларының жемісі.

Хандке өз кейіпкерлерінің әңгімелерінен бөлек, күтпеген жерден көзге түсіп, күтпеген жерден жоғалатын сұлбалардың, алуан түрлі дауыстың сипаттамасын берді. Әсіресе түстерге жасырылатын мәннің маңызын айқындады.

Қаһармандарын ұқты, сүйді.

СЕРГЕЙ АТАПИН

 

БЕЙКҮНӘ СӘБИ

I

Әрбір жанның кеудесінде маңдай бағы бес елі

Сәби ғұмыр кешеді.

 

Оған шалшық су – теңіз,

терең өзен – жылғалар.

Сағат сайын қиялының қанатында ырғалар.

 

Айдарын да желкілдетер көкесіне еркелеп,

Тәулік бойы жүгіреді ентелеп.

 

Қателескен жоқ еді,

...Оның ішкі сезімін шеше кешкен жоқ еді,

Әке кешкен жоқ еді!

 

Әл-қуатын сарқып ішіп бойдағы,

Кенет алып аспан жайлы ойлады...

 

II 

Бұл фәниде кіммін деп,

Үй маңынан ұзамады міңгірлеп.

 

Жерге қайдан келгенін,

Тағдырының нендей сыйлық бергенін,

 

Қалай пайда болғандығын уақыттың,

Не екенін бақыттың,

 

Сұрай берді ауадан да, тастан да.

Сауалынан шошып бәрі қашқанда,

 

Жайдары жаз қызығының бітетінін еске алды,

Әлдекімді күтетінін еске алды.

 

Сол бір сәті өңі ме, әлде түсі ме,

Сіңіп кетті қараңғылық ішіне...

 

III

Естігені – есінде емес, көргендері – көмескі,

Қол бұлғайтын жол – ескі.

 

Шашыраған ойлары ма – қалтыраған айнада,

Бөлме ішінде жосып жүрген елестер ме жай ғана?!

 

Жаһанға уын тамызған,

Жоғалды-ау деп қатыгездік және әулекі, жауыз жан,

 

Шаттанғанда жанарында мөлтілдеді мөлдір шық,

Ұмытылған дәуірдегі тұлғалардай көлгірсіп,

 

Неден, қалай жаралғанын сұрады,

Сұрақтардан құтылудың амалдарын сұрады.

 

Күн көгінде мұнартты,

Басқа адамға айналуға құмартты.

 

IV

Жапа-жалғыз отырды,

Жалбарынды, опынды.

 

Көңілі ме желіккен,

Бір-біріне өткені мен бүгіні

ұқсамайды неліктен?!

 

Бұрын ата-анасына бағынды,

Бүгін еркін самғап ұшқан құс секілді кәдімгі!

 

Кеше таңда оянды өзге төсекте,

Кейін бұл жайт бірнеше рет қайталанды десек те,

 

Қайта-қайта түпсіз мұңға жолықты,

Шақырусыз келетұғын қонағынан қорықты!

 

Қызыл-жасыл сұлбаларға толған сайын жан-жағы,

Қалыптасты талғамы,

 

Зерттеп жүрді жалғанды,

Көріксіздеу бір аруды өліп-өшіп сүйгеніне таң қалды.

 

Аңсары ауды жұмаққа,

Ол – беймәлім жолаушының жанында,

Ол – баяғы балаң ойдан жырақта.

 

Жоғалуды қаламады із-түзсіз,

Жамандықты жасқады,

Түн сапары тұңғиыққа тіке апарып тастады.

 

V

Өле сүйді даланы,

Шалқар шабыт жұмысының есігін

ауық-ауық қағады.

 

Күндерді еске ап жылдар оты жалмаған,

Көз алмайды алмадан.

 

Өткізбесе кейде өткел,

Қос қолына саулап түсер жидектер.

 

Бұны қай күш жасайтыны беймәлім,

Сараптайды жиғанын.

 

Шикі жаңғақ қашанда,

Тілін удай ашытып,

Асау көңілін жасытып,

Тоқтатпайды қинауын.

 

Менсінбеді әрең шыққан биігін,

Көрді өмірдің оңайы мен қиынын,

 

Бір қаладан жалығып,

Бір қалаға қашқанда,

Өз-өзімен тілдесіп,

Тез өсуге асықты,

Тез өшуге асықты!

 

Пенделердің кемеңгерге балағанын қалады,

Тек тамсанып қарағанын қалады.

 

Биік ағаш бұтағынан шиелерді үзгенін,

шие толы шелектерді тізгенін,

бәріне айтып мақтанды,

 

бәріне айтып мақтанды,

тәтті, алаңсыз шақтарды!

 

Бұрындары көшедегі кісілерден ұялды,

Бүгін неге үлкеннен де, кішіден де ұялды?!

 

Бұрын тосты ұлпа қарды алғашқы,

Бүгін тағы сол әдеті жалғасты.

 

VI 

Бәлкім, оның көзден жасы жиі ақты,

ҚУ ТАЯҚТАН ЖАСАЛЫНҒАН НАЙЗАСЫ

ӘЛІ КҮНГЕ ҚАДАЛЫП ТҰР ТЕРЕККЕ –

ЖҮРЕГІНДЕ ҚАЛЫП ҚОЙҒАН БАЛАЛЫҒЫ СИЯҚТЫ!

 

                          Орыс тілінен аударған Марлен ҒИЛЫМХАН

Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Түркістан облысында коронавирустан қайтыс болған кім екені белгілі болды

Сайт Әкімшілігі

Түркістан облысында коронавирустан қайтыс болған кім екені белгілі болды

Оразада ауыз ашар беруге тыйым салынуы мүмкін

Сайт Әкімшілігі

Оразада ауыз ашар беруге тыйым салынуы мүмкін

Бас санитар дәрігер: Коронавирустан көз жұмғандардың сүйегі туыстарына берілмейді

Калибаев Нурсултан

Бас санитар дәрігер: Коронавирустан көз жұмғандардың сүйегі туыстарына берілмейді

Дәурен Абаев: COVID-19-ға қарсы адамдарда иммунитет жоқ

Сайт Әкімшілігі

Дәурен Абаев: COVID-19-ға қарсы адамдарда иммунитет жоқ

Орынбасар олқылығын түзепті

Сәтжан Қасымжанұлы

Орынбасар олқылығын түзепті

Уәлихан ҚАЛИЖАН, «Жас Алаш» ұлттың рухани ұстазы болды

Сайт Әкімшілігі

Уәлихан ҚАЛИЖАН, «Жас Алаш» ұлттың рухани ұстазы болды

Қазаққа күйік болған не?

Сайт Әкімшілігі

Қазаққа күйік болған не?

Коронавирус: қай ел қанша өтемақы төлейді?

Сайт Әкімшілігі

Коронавирус: қай ел қанша өтемақы төлейді?

Нұр-Сұлтанды "әскер" дизенфекциялап жатыр (видео)

Сайт Әкімшілігі

Нұр-Сұлтанды "әскер" дизенфекциялап жатыр (видео)

Дүрбелеңмен өтті ғой, Тоқаевтың көп күні

Сайт Әкімшілігі

Дүрбелеңмен өтті ғой, Тоқаевтың көп күні

Елімізде коронавирус жұқтырған тағы 7 адам тіркелді

Сайт Әкімшілігі

Елімізде коронавирус жұқтырған тағы 7 адам тіркелді

Дәурен Абаев: Адам шығыны болған жағдайда алгоритм жүйесімен жерленеді

Сайт Әкімшілігі

Дәурен Абаев: Адам шығыны болған жағдайда алгоритм жүйесімен жерленеді

Абайлаңыз, қоқыстағы маска сатылымда болуы мүмкін (видео)

Сайт Әкімшілігі

Абайлаңыз, қоқыстағы маска сатылымда болуы мүмкін (видео)

"Халық көшеге тонауға шығуы мүмкін" (видео)

Сайт Әкімшілігі

"Халық көшеге тонауға шығуы мүмкін" (видео)

Коронавирустан қалай сақтану керек? (видео)

Сайт Әкімшілігі

Коронавирустан қалай сақтану керек? (видео)

Жұрт білетін «Жас Алаш» 100 жылдыққа қадам басты

Сайт Әкімшілігі

Жұрт білетін «Жас Алаш» 100 жылдыққа қадам басты

БІз кімге сенеміз?

Сайт Әкімшілігі

БІз кімге сенеміз?

«Ешкімге дауысымды бермеймін»

Сайт Әкімшілігі

«Ешкімге дауысымды бермеймін»

Біз қожайын болудан қалыппыз

Сайт Әкімшілігі

Біз қожайын болудан қалыппыз

Тұрарбек мырзаға хат: Үндемеші, жарқыным

Сайт Әкімшілігі

Тұрарбек мырзаға хат: Үндемеші, жарқыным