Тоқаев тапсырмасы немесе жүргізушілер наразылығы тоқтай ма?

Ерболат Асылбеков - 24.01.20202504


Бүгін үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ шетелдік нөмірі бар көліктерді уақытша тіркеуді тапсырды. Яғни көршілес елдерден сатып алынған автомашиналар 1 ақпанға дейін тіркелуі керек. Және олар 2021 жылдың наурызына дейін жарамды болмақ.

«Көліктердің тіркелуі 2021 жылдың 1 наурызына дейін күшінде болады. Және техникалық регламенттің талаптарына сай болуы тиіс. Тіркеу сомасы мен мемлекеттік бажды төлеуі керек. Уақытша тіркеу бір қолдан екінші қолға сатылып барып, жасалмайды. 2021 жылдың 1 наурызына дейін автокөлік иелері көліктерін тұрақты тәртіпте тіркеп, кедендік баж бен утилизациялық соманы төлесін. Болмаса ол көлікті елден шығаруы немесе заңнамамен тыйым салынбайтын басқа да амалмен мәселесін реттеуі керек. Заңға қайшы келетін көліктерді бұдан ары кіргізбеуді және пайдалануға шектеу қою шараларын қолға алуды тапсырамын», - деді президент.

2019 жылдың 14 қаңтар күні ІІМ «Армения, Қырғыз Республикасы мен Ресей нөмірлі машиналарды заңға сәйкес тірекеу керектігін» мәлімдеген. Алайда, жүргізушілер көліктерін тіркеу құны тым қымбатқа түсетінін айтып наразылық білдірген. Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Жаңаөзен, Орал, Семей және Петропавл қалаларында жүргізушілер наразылық шараларын өткізген болатын.






Мақала авторы:

Ерболат Асылбеков

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.