Ақтаулық жүргізушілер Тоқаевтың шешімімен келіспейді

Сайт Әкімшілігі - 27.01.20203312

Президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ шетелдік көліктерге қатысты шешімі автожүргізушілердің шеруін тоқтатар емес. Кеше Ақтау қаласында жүзге жуық адам облыс әкімдігінің алдына жиналды.
Көлік иелері мемлекет басшысының 2021 жылдың 1 наурызына дейін машиналарды тіркеу керек деген сөзімен келіспейді. Мәселен Армениядан 1,5 млн теңгеге сатып алғынған көліктерді заңдасты үшін кемінде 4 млн қаражат кетеді екен. Сондықтан да үкімет нақты жеңілдіктерді  қарастырса дейді жиналғандар.
Қасым-Жомарт КЕМЕЛҰЛЫНА арнайы хат жазып келгендер көліктерімізді тіркеуден өткізу үшін Кедендік және Еуразиялық экономикалық одақтың қауқарсыз екендігін де айтты.
«Билік өзінің қателігін мойындау керек. Сосын барлық автомашиналарды заңдастыруы тиіс», - депті көлік жүргізушілерінің бірі жергілікті «Лада» басылымына.  
Наразы топ Маңғыстау облысының әкімі Серікбай ТҰРЫМОВПЕН кездесуге ықлас танытты. Алайда, әкімдік өкілдері ол үшін әкімнің қабылдау кестесін қарау керектігін айтты.
Ақтаулық жүргізушілер өткен жексенбі күніде осы мәселеге қатысты өз наразылықтарын білдірген еді.

2019 жылдың 14 қаңтар күні ІІМ «Армения, Қырғыз Республикасы мен Ресей нөмірлі машиналарды заңға сәйкес тірекеу керектігін» мәлімдеген. Алайда, жүргізушілер көліктерін тіркеу құны тым қымбатқа түсетінін айтып наразылық білдірген. Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Жаңаөзен, Орал, Семей және Петропавл қалаларында жүргізушілер наразылық шараларын өткізген болатын.

24 қаңтар күні үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдік нөмірі бар көліктерді уақытша тіркеуді тапсырды. Яғни көршілес елдерден сатып алынған автомашиналар 1 ақпанға дейін тіркелуі керек деді. Және олар 2021 жылдың наурызына дейін жарамды болмақ.

«Көліктердің тіркелуі 2021 жылдың 1 наурызына дейін күшінде болады. Және техникалық регламенттің талаптарына сай болуы тиіс. Тіркеу сомасы мен мемлекеттік бажды төлеуі керек. Уақытша тіркеу бір қолдан екінші қолға сатылып барып, жасалмайды. 2021 жылдың 1 наурызына дейін автокөлік иелері көліктерін тұрақты тәртіпте тіркеп, кедендік баж бен утилизациялық соманы төлесін. Болмаса ол көлікті елден шығаруы немесе заңнамамен тыйым салынбайтын басқа да амалмен мәселесін реттеуі керек. Заңға қайшы келетін көліктерді бұдан ары кіргізбеуді және пайдалануға шектеу қою шараларын қолға алуды тапсырамын», - деді президент.

Фото: Лада

Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.