Қазақстан 217 азаматын коронавирус өршіген Қытайдан елге жеткізді

Дерек көзі: www.azattyq.org - 11.02.2020426

Ақпанның 11-іне қараған түні Қазақстанның 217 азаматы Қытайдағы коронавирусқа байланысты сол елдегі 36 қаладан Пекин арқылы елге жеткізілді. Бұл туралы сейсенбі күні Нұр-Сұлтанда журналистерге Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров хабарлады. Шенеунік жақын уақытта Қытайдан Қазақстанның тағы 150 азаматын елге әкелу жоспарланып отырғанын, ал бірнеше жүз қазақстандықтың өз еркімен Қытайда қалуға тілек білдіргенін айтты.

Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров. Нұр-Сұлтан, 11 ақпан 2020 жыл.
Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров. Нұр-Сұлтан, 11 ақпан 2020 жыл.

- Олардың арасында дипломатиялық қызметшілер, олардың отбасы мүшелері, студенттер мен Қытайда жұмыс істеп жатқан өзге де азаматтарымыз бар. Қытайдың өзге қалалары карантинге жабылған жоқ, сондықтан біздің азаматтар үшінші ел арқылы Қазақстанға қайта алады, - деп мәлімдеді Смадияров.

10 ақпанда СІМ Қытай аумағында Қазақстанның 719 азаматы барын, оның 391-і Қазақстанға қайтуларына жәрдем сұрағанын хабарлаған. Бұған дейін, 2 ақпанда Қазақстан 83 азаматын (үшеуінен басқасы студент) Қытайдағы қауіпті коронавирус тараған Ухань қаласынан елге жеткізген. Ухань қаласынан жеткізілгендердің барлығы Нұр-Сұлтан маңындағы көпсалалы аурухана жанындағы инфекцияға қарсы бөлімшеде 16 ақпанға дейін екі апта карантинде болады деп хабарланған.


Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) мәліметінше, қазіргі уақытқа дейін Қытайда коронавирустан 1016 адам қайтыс болған. Қытайда вирус жұқтырған 42638 адам тіркелген. Қытайдан басқа 24 елде жалпы саны 319 адамға вирус жұққан, олардың біреуі қайтыс болған.

Қазақстан билігі елде коронавирус жұқтырған науқас адам немесе жануар тіркелмегенін айтады.

Бұған дейін Қазақстан Қытаймен арада автобус, темір жол және әуе қатынасына уақытша шектеу енгізген.

Қаңтардың 30-ы күні ДДСҰ коронавирусқа байланысты халықаралық деңгейде төтенше жағдай жариялаған.

Мақала авторы:

www.azattyq.org

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Сайт Әкімшілігі

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Жалғыз өзі сотталды

Сайт Әкімшілігі

Жалғыз өзі сотталды

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

Сайт Әкімшілігі

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Сайт Әкімшілігі

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

Сайт Әкімшілігі

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

«Сабыр түбі – сары алтын»

Сайт Әкімшілігі

«Сабыр түбі – сары алтын»

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Сайт Әкімшілігі

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Сайт Әкімшілігі

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Сайт Әкімшілігі

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

Сайт Әкімшілігі

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Сайт Әкімшілігі

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Сайт Әкімшілігі

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Сайт Әкімшілігі

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Сайт Әкімшілігі

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Сайт Әкімшілігі

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Қарағандыда атыс болды

Сайт Әкімшілігі

Қарағандыда атыс болды

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?

Сайт Әкімшілігі

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?